СӨЗ ГЕШТАЛЬТЫ

СӨЗ ГЕШТАЛЬТЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: сөзжасам, сөз гештальты, психолингвистикалық, нейролингвистикалық негіздер, ойлау, мазмұн, тіл, пішін.

Аңдатпа

Мақалада тақырыптың зерттеу нысанына әлем бейнесі, мағына жүйесі, ұлт жаратылысы мен мәдениеті туралы тілші зерттеушілердің тұжырымдары алынды. Зерттеу мақсаты тілжасам мәселесін ғылыми танымдық жақтан негіздеу болып табылады. Тақырыптың зерттелу мәні сөз гештальтының адамзат тілі дамуындағы өзектілігімен, тіл мазмұнына әсер етуімен көрінеді.

Мақалада зерттеулік тұжырымдарға аялық талдау, саралау, мазмұндық (семантикалық) талдау, жалпылау мен жинақтау әдістері қолданылды. Осындай нақты көрсеткіштер арқылы мақалада адамзат тілжасамының психолингвистикалық мазмұны баяндалады. Автор сөздің жеке дыбыстан бастап мәтінге дейінгі аралықты қамтитын адамзат тілінің гештальттық сипатта болатынын, сөз (атау) әлем бейнесін тіл арқылы жеткізуші басты дискурс болып табылатынын жеткізеді. Сөз гештальтын тану арқылы тілжасам жүйесінің ілімдік негіздері нақтыланады. Мақала иесі сөз санада әлемдік бейненің жинақталған, бір нүктеге түсірілген, концептілік жағынан шоғырланған бейнесі екенін; санадағы әлем бейнесінің атаулық, мазмұндық көрінісі болатынын талдайды. Қорытындысында жалпы сөз гештальты санада түрлі әрекетпен шоғырланған ой мазмұнынан қалыптасатындығы айтылады.

Автор туралы мәліметтер

Ырысгүл Шақаман, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-16

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...