*АЙТЫЛЫМ СУБТЕСТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.19Кілт сөздер:
тест, тестология, тілдік тестілеу, айтылым, сөйлеу, тілдік дағды.Аңдатпа
Мақалада айтылым субтесті тілдік тестілеудің күрделі формасы ретінде қарастырылады. Айтылым дағдысын бағалау тек тілдік білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар коммуникативтік құзыреттілікті, тілдік бірліктерді дұрыс қолдану, ойды жүйелі жеткізу, сөйлеу мәдениеті мен прагматикалық мүмкіндіктерді меңгеру деңгейін айқындауды көздейді. Мақалада көтеріліп отырған мәселе ауызша сөйлеуді бақылау және бағалау жүйесін ұйымдастыруға қызығушылықтың артуымен байланысты. Қазақ тілі бойынша білімді бағалауға арналған тестілеу жүйесі, оның ішінде айтылым субтесті аталған мәселе бойынша ғылыми айналымдағы зерттеулердің аздығымен ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр. Зерттеу жұмысында осы саладағы ізденістердің нәтижесінде тест құрастыру мен өткізудің спецификалық өзгешеліктері мен тестілеудің қолданбалы мүмкіндіктері көрсетіледі. Жұмыста тілдік тестілеу саласындағы тілдік дағдыны, тілді білу деңгейін анықтау тәсілдерінің ғылыми-теориялық және қолданбалы тұстары зерттеліп, сипаттау әдісі арқылы әлемдік бірқатар тестілеу жүйелері қарастырылады.
