КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ УАҚЫТ КОНЦЕПТІСІ

КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ УАҚЫТ КОНЦЕПТІСІ

Авторлар

Кілт сөздер:

концепт, «уақыт» концептісі, «адам жасы» концептісі, дүниенің тілдік бейнесі, көне түркі жазба ескерткіші.

Аңдатпа

Бұл мақалада көне түркі жазба ескерткішіндегі орын алған дүниенің тілдік бейнесіндегі «уақыт» концептісі қарастырылады. Уақыт әмбебап ең ежелгі категориялардың бірі ретінде тілтанымда жеткілікті белсенді зерттелген. Автор шетел және отандық ғалымдардың уақыттың философиялық, психологиялық, мәдени, әлеуметтік, әдеби және лингвистикалық тұрғыдан классификациясына шолу жасаған. Зерттеудің фактологиялық материалы «Күлтегін», «Білге қаған» және «Күллі-чор» жазба ескерткіштерінің мәтіні болып табылды. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «уақыт» концептісі тарихи, саяси оқиғаларға тікелей байланысты екенін көрсететін тілдік құралдар және «уақыт» семантикалық шебінде «циклдік уақыт», «линиялық уақыт» семантикалық түрлері айқындалған. Зерттеушілер «уақыт» концептісінің «адам жасы» концептісімен тығыз байланысына тоқтала отырып, Күлтегін ескертіші, Білге қаған ескерткіші мен Күллі-чор ескерткіштерінің мәтіні негізінде салыстырмалы талдау жасайды. Адам жас ерекшеліктер шкласының идеология, саяси құрылыс, қоғамдық және мәдени құндылықтардың өзгешеліктерінен орай өзгеретіндігі тұжырымдалады. Сонымен қатар, руникалық жазба ескерткіштер мәтінінде қолданыс жиілігі жағынан «адам жас» концептісі ең көп орын алғанын және «соғыс» концептісімен байланысты кездесетінін айқындалған. «Уақыт» концептісінің сілтеу есімдіктерімен тіркескен сөз тіркестерінің көне түркі жазба ескерткіштерінде молынан орын алғандығы, яғни уақыттық дейксистік тілдік бірліктердің тән екендігі мақалада сөз болады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гүлнар Абылова, Халықаралық туризм және меймандостық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.

Гүлнұр Әріпжан, Халықаралық туризм және меймандостық университетіні

– филология магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-16

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...