МЕТАПОЭТИКАНЫҢ МЕТАМӘТІНДІК ӨЛШЕМДЕРІ (А. ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.19Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы , метапоэтика , метамәтін , өлең , рефлексияАңдатпа
Мақалада А.Құнанбайұлы шығармалары негізінде метапоэтиканың метамәтіндік өлшемдері зерттеледі. Зерттеу жұмысының мақсаты – ақын өлеңдеріндегі метамәтіндік өлшемдерді анықтау арқылы метапоэтиканың көрінісін айқындау. Мақалада авторлар метамәтін мен метапоэтиканың байланысын нақты шығарма мәтіні негізінде талдаудың тиімді тәсілін ұсынып, ақын метапоэтикасының ерекшеліктерін саралайды. А.Құнанбайұлы шығармаларында метапоэтикалық бірліктердің белсенді көрініс табуы, соған сәйкес метапоэтикалық талдаулар жүргізу қажеттілігі қазақ әдебиеттануы ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен философияның мән-мазмұнын танытуда өзекті екені дәлелденген. Жұмысымыздың әдістемесі Фр.Шлегельдің метамәтін және К.Э.Штайнның метапоэтика туралы тұжырымдарына негізделген. Зерттеу материалы ретінде А.Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі алынған. Себебі А. Құнанбайұлы поэзия мәтінінің ішінде сөз өнері, өлеңнің құдіреті, тілдің поэтикалық қызметі және ақындық жөнінде ішкі пайым жасау үлгісін шебер қолданған. Зерттеу нәтижелері ақын өлеңдерінің метамәтіні оның метапоэтикасын зерттеудегі негізгі дереккөзі екенін айқындайды. Сонымен қатар метапоэтикалық талдау метамәтін және авторлық рефлексияны түсінудегі ұтымды тәсіл екенін дәлелдейді. Мақаланың теориялық ақпараты мен жүзеге асырылған талдау үлгісі зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңызын танытады. Сондай-ақ аталмыш зерттеу жұмысы қазақ әдебиеттану ғылымындағы метапоэтикалық зерттеулердің дамуына мол үлес қосады деп күтіледі.
