СҰХБАТ ДИСКУРСЫНДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІ СТРАТЕГИЯ МЕН ТАКТИКА: ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.01Кілт сөздер:
Түйін сөздер: коммуникативті стратегия, тактика, коммуникативті қадам, аялық білім, гендер, сұхбат.Аңдатпа
Мақала сұхбат дискурсында қолданылатын коммуникативті стратегия мен тактиканы анықтауға арналған. Сұхбат берушінің бейнесін ашу үшін журналист қолданатын коммуникативті стратегия мен тактика сәтті диалогтік қатысым жасауға негіз болатыны қарастырылады.Зерттеу жұмысында жинақталған сұхбаттарды саралау үшін аналитикалық әдіс, когнитивті және дискурстық талдау үшін кешенді зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу барысында сөйлеу стратегиялары ынтымақты және қақтығысты деп жіктелді. Ынтымақты стратегиялар тақырыпты өзгерту, дамыту, қолдау, ұсыныс айту тактикалары арқылы орнайтыны, ал қақтығысты сөйлеу жауаптан жалтару, қарсы сұрақ арқылы айқындалатыны сөз болады. Зерттеудің нәтижесінде алынған ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдар дискурс теориясын, коммуникативті лингвистика саласын жаңа ғылыми болжамдармен толықтырады. Бұл зерттеу сұхбат дискурсында қолданылатын коммуникативті стратегия мен тактиканы анықтауға, олардың қолданыс ерекшеліктерін талдауға бағытталған.
