ЖАЗУШЫ САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ СЫНШЫЛЫҚ ҚЫРЫ

ЖАЗУШЫ САЙЫН МҰРАТБЕКОВТІҢ СЫНШЫЛЫҚ ҚЫРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.17

Кілт сөздер:

шығармашылық портрет, зерттеушілік зерде, тұлғатану, зертхана, дерек, тұлға, типология

Аңдатпа

Мақалада әлем әдебиетінің алтын қорына «Жусан исі», «Жабайы алма» атты үздік туындыларымен енген Сайын Мұратбековтің сарабдал сыншылық қасиеті сөз болады. Оның сыни мақалалары – автордың білім парасатын ғана емес, айқын, берік тенденциясының, талантты тани білетін аңғарымпаздығының көрсеткіші, зияткерлікті зерделеудің ерен үлгісі. Парасат пайымы мен эрудициясы білінетін білікті әдебиетшінің ой жүйесі қисынды, пікірі айқын.

Балалар әдебиетінің классигі, аудармашы, прозаик Мұратбековтің сыни сипаттағы мақалалары бүгінге дейін зерттеу нысаны болған жоқ. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде С.Мұратбековтың ғылыми сипаты терең, азаматтық позициясы айқын танылатын сыни, танымдық мақалаларының алғаш зерделенуін айтуға болады. Қазақ жазушыларының  болмыс-бітімін, кісілік келбеті мен қабілет-қарымын танытатын, өз пікірін олар жазған шығарманың көркемдік шырайымен сабақтастыратын, қала берді зерттеушілік зеректігін аңғартатын мақалаларында Б.Майлин, Б.Соқпақбаев, М.Мақатаев, Қ.Ысқақ, Р.Тоқтаров, Б.Тоғысбаев, О.Сүлейменов сынды қаламгерлердің шығармашылық портреті сомдалған. Сыншы әр жазушының сюжет құру шеберлігіне, адам өмірі мен характерінің шындығын ашқандығына бойлай отырып, олардың ұлт әдебиетіндегі орнын да айқындап береді. Шығармашылық тұлғалардың әдеби портретін сомдау барысында сыншы барды бағалайды, әдебиет әлеміне көркемдік өріс ашқан қадау-қадау туындыларындағы ақиқатты айтады.

Мұратбеков мақалаларының құндылығы – әрбір сөз еткен жазушысын өз көзімен көріп, аралас-құралас болып, жан дүниесінің нәзік қатпарын, қалың жұрт біле бермейтін құпиясын білгендіктен, шығармасының астарын ашып, тереңіне бойлай алғандығында деуге болады. Авторлар пайымдау, талдау, салыстыру, қорыту әдістерін пайдалана отырып, сыншының өзгеше бір нұсқалы таным-пайымы, парасатты ой-пікірлерінің өрістілігі, түйін-тұжырымдарының дәлдігін ашып көрсетуге талпыныс жасайды. Зерттеу нәтижесін  тұлғатану, шығармашылық зертхана бағытындағы еңбектер жазуда, «Қазақ әдебиетінің сыны», «Қазақ әдебиеті» курстарында пайдалануға болады.

Авторлар туралы мәліметтер

Дина Ибрагимова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– PhD докторант

Серік Асылбекұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының докторы,  профессоры

*Гүлназ Тоқшылықова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...