ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МЕДИАДИСКУРСТАРЫНДАҒЫ ИМПЛИЦИТТІ БАҒАЛАУЫШТЫҚ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРЫ

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МЕДИАДИСКУРСТАРЫНДАҒЫ ИМПЛИЦИТТІ БАҒАЛАУЫШТЫҚ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.05

Кілт сөздер:

бағалау, имплицитті бағалауыш, дискурс, медиа дискурс, бағалауышытық құраладар.

Аңдатпа

Мақалада қазақ және ағылшын медиа дискурстарындағы имплицитті бағалауыштық тілдік құралдары қарастырылады. Зерттеу жұмысының мақсаты – имплицитті бағалаудың тілдік құралдарын және олардың қызметін айқындайтын мәдени факторларды анықтау, сондай-ақ олардың адресатқа ықпал етуі және жалпы қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін анықтау. Зерттеуде 2024-2025 жылдары онлайн жаңалықтар порталында жарияланған қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақалалардан іріктелген 210 имплицитті бағалауыштық тілдік бірліктер пайдаланылды. Зерттеу барысында семантикалық, функционалды-прагматикалық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.  Талдау нәтижесінде метафоралар, фразеологизмдер, эвфемизмдер, ирония және сөздік контаминациялар қазақ және ағылшын медиа дискурстарында имплицитті бағалаудың вербалдануының негізгі құралдары ретінде анықталды. Талдау көрсеткендей, метафоралар бағалауыштық мағынаны жеткізудің ең жиі қолданылатын тілдік құрал екені анықталды. Қазақ медиа мәтіндерінде олар көбіне позитивті бағалау құралы ретінде қолданылса, ал ағылшын тіліндегі мәтіндерде олар көп жағдайда әлеуметтік және саяси сынның құралы ретінде қызмет етеді. Қазақ медиа дискурсы сөйлеу әдепінің дәстүрлі нормаларына негізделген эвфемизмдер мен мәдени тұрғыдан таңбаланған фразиологизмдерге көбірек сүйенсе, ағылшын дискурсында ирония мен сөздік контоминация жиірек кездеседі. Сөз контаминациясы екі тілдегі медиа мәтіндерде де ең аз қолданылатын имплицитті бағалауыштық құрал болып табылады, дегенмен ағылшын медиа дискурсында ол сатиралық мақсатта күрделі проблемаларға назар аударту құралы ретінде белсенді қолданылады. Осылайша, имплицитті бағалаудың тілдік құралдары тек мәтін авторының когнитивтік ұстанымын ғана емес, сонымен қатар қоғамның мәдени құндылықтар жүйесін де бейнелей отырып, оның идеологиялық ерекшелігінің көрсеткіші қызметін атқарады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айжан Есенбаева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

– PhD докторант

Әзімхан Ыбырайым, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...