*«ШЕЖІРЕ-И ТЕРАКИМЕ» ЕҢБЕГІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН КЕЙБІР ТОПОНИМДЕР МЕН ЭТНОНИМДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.04Кілт сөздер:
ономастика, топоним, этноним, этимология, түркі тілдері, «Шежіре-и теракиме».Аңдатпа
Түркі жазба мұраларын, тарихи қолжазбалар мен жыр-дастандарды лингвистикалық тұрғыдан талдау – тілдің тарихи дамуын, қалыптасу жолдарын айқындауда айрықша маңызды. Зерттеу мақаланың зерттеу нысаны ретінде XVII ғасырда жазылған Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегі алынды. Аталған туынды – түркі халықтарының тарихынан, мәдениетінен, этнографиясынан құнды мәліметтер беретін орта ғасырлық жазба ескерткіш. Бұл еңбек – Оғызнама дастанының араб әліпбиімен жазылған нұсқасы. Шежіре мәтінінің лексикалық құрамы көне түркі сөздерімен қатар араб, парсы және моңғол сөздерін қамтыған. Мақала шежіреде кездесетін кейбір топонимдер мен этнонимдердің этимологиясын айқындаумен, олардың лексика-семантикалық ерекшеліктерін зерделеуімен ерекшеленеді. Зерттеу барысында ономастикалық атаулардың құрылымдық, тарихи және мәдени сипаты айқындалып, олардың халық дүниетанымымен, рухани-мәдени дәстүрлерімен сабақтастығы көрсетілді. Жұмыста сипаттамалы, салыстырмалы-тарихи, фонетикалық, морфологиялық әдістер қолданылып, тілдік деректер кешенді түрде талданды. Мақалада Йайық (Жайық), Талас, Сайрам секілді топонимдердің шығу тегі мен семантикалық ерекшеліктері зерделеніп, олардың түркі-моңғол тілдеріндегі түбірлерімен байланысы ашылады. Сонымен қатар қарлық, татар, қытай, ұйғыр этнонимдерінің этимологиясына қатысты түрлі ғылыми болжамдар салыстырылып, тарихи деректермен негізделеді. Әбілғазы еңбегінде кездесетін аңыздық сипаттағы мәліметтердің халықтық этимологияға ықпалы да талданады. Зерттеу нәтижесінде шежіре мәтініндегі топонимдер мен этнонимдердің түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін танудағы маңызы нақтыланып, олардың этимологиялық сипаты түркі тіл біліміндегі деректермен сабақтастықта сараланады.
