ҚАЗАҚ ҒАШЫҚТЫҚ ӘН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ТИПОЛОГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.23Кілт сөздер:
ғашықтық лирика, халық әндері, поэтикалық типология, психологиялық параллелизм, фольклорлық символдар, эстетикалық идеал.Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасырда хатқа түскен қазақ халық ғашықтық ән өлеңдерінің мәтіндік жүйесі зерттеледі. Жұмыстың негізгі мақсаты – авторы ұмытылып, фольклорлық сипат алған лирикалық туындылардың поэтикалық және мазмұндық типологиясын ғылыми тұрғыдан жасақтау. Зерттеу барысында типологиялық, құрылымдық-поэтикалық және герменевтикалық талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Жүргізілген талдау нәтижесінде ғашықтық лирика үш негізгі типологиялық топқа жіктелді: портреттік-эстетикалық, психологиялық-эмоционалдық және әлеуметтік-қарсылық сарыны. Портреттік сипаттамадағы әндерде тұрақты эпитеттер мен космогониялық теңеулер арқылы ғашық жардың идеалды бейнесі жасалса, психологиялық типтегі әндерде «арман», «шер», «сағыныш» категориялары арқылы кейіпкердің ішкі күйзелісі суреттелгені анықталды. Әлеуметтік типтегі әндерде теңсіздік пен ескі салтқа қарсылық зооморфтық символика және иерархиялық антитеза арқылы берілгені дәйектелді. Сонымен қатар мақалада ән мәтіндеріндегі заттық детальдардың семиотикалық қызметі, хронотоп ерекшелігі және әйел бейнесінің эволюциясы қарастырылды. Зерттеу қорытындысы қазақтың дәстүрлі ғашықтық әндері жай ғана сезім жырлары емес, ұлттық менталитетті, этикалық нормалар мен эстетикалық құндылықтарды сақтайтын күрделі көркемдік жүйе екенін дәлелдейді. Жұмыстың нәтижелері фольклортану мен әдебиеттану ғылымындағы жанрлық зерттеулерді тереңдетуге үлес қосады.
