ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ ПОЭТИКАСЫ МЕН СИМВОЛИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.10Кілт сөздер:
ұлттық мінез, поэтика, символика, лирика, тарихи жад, қазіргі қазақ поэзиясыАңдатпа
Мақала қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінездің көркем бейнеленуін талдауға бағытталған. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясы тақырыптық арнасының кеңдігімен, жаңа көркемдік талаптардың молдығымен ерекшеленеді. Зерттеу мақаланың мақсаты – қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінез поэтикасын, символикасын талдау. Аталған мақсатта қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері шығармалары талданып, ондағы символдар жүйесі сараланды. Зерттеу барысында тарихи жад, ұлттық сана, елдік идея тақырыптары поэзиядағы көріністері ұлттық мінезді айқындай түсетін эстетикалық әрі көркемдік табиғатын аша түсетін феномен мағынасында қарастырылды.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінез – тарихи жадта сақталған оқиғалардың ғана емес, ғасырлар бойы халықтың еркіндікке ұмтылған болмысының көрінісі. Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінез көріністерін айқындауда интерпретациялық, құрылымдық талдау әдістері қолданылды. Ұлттық поэзиядағы мінез тақырыбын арнайылап қарастыру символдық, поэтикалық категорияларын жүйелеуге, қазіргі қазақ прозасының даму тенденциясын айқындайды. Осыған сәйкес қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінез тарихи жад, еркіндік, елдік тақырыптардың жүйесінде қарастырылып отыр.
Зерттеудің маңыздылығы қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінездің тарихилықпен байланысын, посткеңестік дәуірдегі қайта сараптауды айқындайды. Зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық мінез көріністерін феномендік сипатында саралауға, оның қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркемдік, эстетикалық қырынан тануға мүмкіндік береді.
