*ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КОРПУСТЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ

*ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА КОРПУСТЫҚ ТӘСІЛДЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ

Авторлар

  • *Айдана Ораз Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Куанышбек Маликов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.30

Кілт сөздер:

корпустық лингвистика, деректерге негізделген оқыту (DDL), лексикалық дағдылар, Қазақ тілінің ұлттық корпусы, жиілік талдауы.

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту үдерісінде лингвистикалық корпус негізінде лексикалық дағдыларды қалыптастырудың әдістемелік моделін ғылыми тұрғыдан негіздеуге және оның тиімділігін эксперименттік жолмен дәлелдеуге арналады. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілін оқытуда корпустық тәсілдер арқылы лексикалық дағдыларды қалыптастырудың ғылыми негізін талдай отырып, тәжірибеде тексерілген әдістемелік жүйенің тиімділігін қарастырады. Зерттеу барысында қолданбалы лингвистика, корпустық лингвистика және деректерге негізделген оқыту (Data-Driven Learning) қағидаларына сүйене отырып, лексикалық дағдылардың номенклатурасы айқындалды. Оқу материалы Қазақ тілінің ұлттық корпусы деректеріне негізделіп, жиілік талдауы, коллокациялық талдау (MI-score ≥ 3.0), конкорданс және KWIC әдістері арқылы іріктелді. Эксперименттік оқыту алты апта көлемінде бақылау және эксперименттік топтарда жүргізілді. Зерттеу нәтижелері SPSS 26.0 бағдарламасында өңделіп, paired samples t-test, independent samples t-test, ANOVA және Spearman корреляциясы арқылы талданды. Эксперимент нәтижелері корпусқа негізделген әдістеменің білім алушылардың лексикалық дағдыларына елеулі әсер ететінін көрсетті. Сонымен қатар білім алушылардың жазбаша жұмыстарындағы сөздік қордың байлығы TTR, MTLD және коллокациялық тығыздық көрсеткіштері арқылы анықталды. Зерттеудің ғылыми  нәтижелері лингвистикалық корпустарды қазақ тілін оқытуда жүйелі қолданудың тиімділігін дәлелдеп, оқу бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды жаңғыртуға ғылыми негіз ұсынады.  Ғылыми мақаланың зерттеу болжамына сай корпусқа негізделген оқыту әдістерінің білім алушылардың лексикалық дамуына ықпалын эмпирикалық деректермен дәлелдейді. Алынған тұжырымдар қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын ғылыми негізде жетілдіруге мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айдана Ораз, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Куанышбек Маликов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доценті

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...