АДАМ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ КОММУНИКАЦИЯСЫ: ТІЛДІК ИМИТАЦИЯ ЖӘНЕ ИЛЛЮЗИЯ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.05Кілт сөздер:
жасанды интеллект, ЖИ, коммуникация, тілдік имитация, үлкен тілдік модель, семантика, прагматика, стилистикаАңдатпа
Бұл мақалада адам мен жасанды интеллект (ЖИ) арасындағы коммуникация феномені лингвистикалық және когнитивтік қырлардан қарастырылады. Негізгі назар жасанды интеллекттің табиғи тілді модельдеу, яғни тілдік имитация жасау қабілетіне және осы үдерістің адам санасында қалыптастыратын коммуникативтік иллюзиясына аударылады. Қазіргі нейрожелілік модельдер мәтін құрау, диалог жүргізу, стилистикалық және прагматикалық нормаларды сақтауға ұқсас әрекеттерді жүзеге асыра отырып, адамға тән тілдік мінез-құлықты имитациялайды. Алайда бұл ұқсастық шынайы тілдік сана мен мағынаны түсінуге емес, статистикалық ықтималдықтар мен алгоритмдік есептеулерге негізделген.
Мақалада ЖИ-мен өзара әрекеттесу барысында қолданушыларда «түсіну», «ниет», «эмоция» сияқты антропоморфтық қасиеттерді жасанды агентке телу үрдісі талданады. Бұл құбылыс тілдік иллюзия ретінде сипатталып, оның пайда болу себептері прагматика, дискурс теориясы және психолингвистика тұрғысынан түсіндіріледі. Сонымен қатар, адам мен ЖИ коммуникациясындағы сыпайылық стратегиялары, сұраныс формалары мен жауаптардың көлемі мен тереңдігі арасындағы өзара байланысқа назар аударылады.
