*КЕҢЕС ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕ АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ (С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов шығармалары бойынша)

*КЕҢЕС ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕ АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ (С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов шығармалары бойынша)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.19

Кілт сөздер:

Алаш қайраткерлері, ұлттық идея, социалистік реализм, тарихи шындық, көркем образ, таптық күрес

Аңдатпа

Бұл мақалада кеңес дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов шығармаларына қазіргі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан қайта қарау жүзеге асырылады. Зерттеудің негізгі нысаны - аталған қаламгерлер туындыларында бейнеленген Алаш қозғалысы қайраткерлерінің көркемдік интерпретациясы мен идеялық-эстетикалық сипаты. Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде жазылған шығармалардағы Алаш өкілдерінің бейнесі сол дәуірдің саяси талаптары мен цензуралық шектеулеріне тікелей байланысты қалыптасқаны айқындалады. Мақалада авторлардың тарихи тұлғаларды суреттеудегі көркемдік әдіс-тәсілдері образ жасау принциптері, сондай-ақ идеологиялық ұстаным мен көркем шындық арасындағы қайшылықтар жан-жақты талданады. Зерттеу барысында мәтінтанулық, салыстырмалы-типологиялық және тарихи-әдеби әдістер қолданылып, кеңес дәуірінде орныққан біржақты бағалауларды қайта пайымдау мақсаты көзделді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гибрат Газизов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Қайырбек Кемеңгер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...