АВТОХТОНДЫ КӨРКЕМ ДИСКУРСТАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

АВТОХТОНДЫ КӨРКЕМ ДИСКУРСТАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.07

Кілт сөздер:

құндылықтар, отбасы, отбасылық құндылықтар, автохтонды көркем мәтін, көркем дискурс

Аңдатпа

Автохтонды мәдениеттің құндылық тұжырымдамаларын әлемнің ұлттық бейнесінің негізгі компоненттері ретінде, сондай-ақ аксиологиялық дүниетанымды қалыптастыру орталығы ретінде отбасы ұғымын зерттеу өзектілігімен ерекшеленеді. Зерттеудің мақсаты – автохтонды көркем дискурстың концептуалды отбасылық құндылықтарын анықтау және интерпретациялау. Талдау нәтижесінде отбасылық құндылықтары жеке, әлеуметтік, мәдени аспектілердің жиынтығын қамтитын көпдеңгейлі семантикалық құрылым болып көрінетіні анықталды. Бұл мақалада Дидахмет Әшімханұлының «Сары самауыр / Бабушкин самовар» автохтонды әңгімесінде “самауыр” тұжырымдамасының когнитивті-дискурсивті интерпаретациясы ұсынылады. Самауыр ұғымының әмбебап символикасы оның мәдени тұрғыдан ерекшеленетін мағынада көрінеді, бұған оның дәстүрлі қазақ отбасы моделіне интеграциялануы дәлел. Осы парадигма аясында әженің отбасылық ошақтың қамқоршысы ретіндегі бейнесі ұрпақтар сабақтастығының аксиологиялық маңызын өзектендіруге және этномәдени дәстүрлерді сақтауға қызмет етеді. "Самауыр" тұжырымдамасының құндылық әлеуеті оны отбасылық және ұрпақтық өзара әрекеттестіктің медиаторы (отбасы); қасиетті кеңістіктің орталығы (үй); отбасы тарихының қамқоршысы (жады); ұрпақтың жалғасы (ұрпақтар сабақтастығы) және мұраны сақтау белгісі (салт-дәстүрлер) ретінде түсіндіруде ашылады.

Авторлар туралы мәліметтер

Шолпан Жарқынбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

*Зухра Шахпутова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD) доцент м.а.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...