ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ АУДАРЫЛУЫ: МАШИНАЛЫҚ АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.06Кілт сөздер:
этномәдени бірлік, мәдениетаралық коммуникация, жасанды интеллект, машиналық аударма,аударма сапасы.Аңдатпа
Аңдатпа. Этномәдени бірліктер - бұл ұлттық-мәдени ерекшеліктер мен нақты мағыналарды білдіретін тілдің маңызды компоненттері болып есептеледі. Қазіргі таңда жаһандану және жасанды интеллект (AI) технологияларының қарқынды дамуы барысында аталмыш бірліктерді AI тілдік модельдерінде дәлме-дәл беру маңызды міндет болып табылады. Алайда, олардың семантикасы мен прагматикасының күрделілігіне байланысты мұндай бірліктерді аудару мен түсіндіруде шамадан тыс ауытқулар кездеседі. Сәйкесінше, бұл мағынаның бұрмалануына және AI өзара әрекеттесу сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Мақаланың мақсаты жасанды интеллект жүйелерінде этномәдени бірліктерді аудару кезіндегі машиналық аудармалардың сапасын зерттеу және талдау болып табылады. Сонымен қатар, нейрондық желілер арқылы аударма жасауда тілдік модельдерді одан әрі оңтайландыру үшін осы ауытқуларды жүйелеу, этномәдени бірліктердің дұрыс берілуіне байланысты ұсыныстар беру. Бұл мақсатқа жету үшін Google Translate, Yandex Translate, ChatGPT жүйелеріне мәтіндер ұсынылып, оның орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалары салыстырылды. Іріктеу әдісі арқылы жинақталған этномәдени бірліктердің сапасы салыстыру, сипаттау және есептеу әдістері арқылы таланды. Қолданыстағы жасанды интеллект жүйелерін және олардың этномәдени бірліктерді өңдеу тәсілдері талданды. Сонымен қатар бұл мәдениетаралық коммуникация сапасын жақсартуға ықпал етеді. Тақырыпты жан-жақты зерттеу үшін этномәдени бірліктерді әртүрлі ЖИ жүйелерімен және адамдармен ауыстыру нәтижелерін салыстырмалы талдау жүргізіледі. Аударма сапасы Python бағдарламасында сыналады. Әр түрлі тілдер мен мәдениеттердегі этномәдени бірліктермен қатар түрлі стильдердегі мәтіндерді аудару сапасы салыстырылып, аударма мәні мен контекстік қолданылуын анықтауға арналған машиналық аударма сапасын бағалау механизмдерінің қорытынды көрсеткіштері ұсынылады. Этномәдени бірліктермен жұмыс саласындағы жасанды интеллектіні жетілдіру, әсіресе жаһандану жағдайында және көптілді ақпаратқа деген өсіп келе жатқан қажеттілік жағдайында мәдениетаралық коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік береді.
