ҚАЗАҚ АНИМАЛИСТІК ПРОЗАСЫНДАҒЫ БАЯНДАУ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.19Кілт сөздер:
қазақ анималистік прозасы, баяндау формалары, нарративтік құрылым, баяндаушы тұлға, авторлық позиция, көркем мәтін, жанрлық ерекшелік, композиция, ішкі монолог.Аңдатпа
Мақалада қазақ анималистік прозасындағы баяндау формаларының құрылымдық жүйесі мен көркемдік қызметі жан-жақты қарастырылады. Қазақ әдебиетінде анималистік бағыт табиғат пен адам арасындағы үйлесімді байланысты, жануарлар әлемі арқылы адамзат болмысының ішкі психологиялық және әлеуметтік қырларын бейнелеуге негізделеді. Анималистік шығармаларда жануар бейнесі тек қосымша элемент ретінде ғана емес, негізгі идеялық-көркемдік мазмұнды жеткізуші басты құралдардың бірі ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда, мұндай мәтіндердегі баяндау формаларының ұйымдасуы мен нарративтік құрылымын зерттеу әдебиеттану ғылымы үшін өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу барысында қазақ анималистік прозасының қалыптасу ерекшеліктері, баяндаушы тұлғаның мәтіндегі орны, авторлық көзқарастың берілу тәсілдері, оқиғаны жеткізудегі композициялық құрылым мәселелері талданады. Сонымен қатар баяндаудың бірінші жақтық және үшінші жақтық түрлері, кейіпкерлік баяндау, ішкі монолог, диалогтық қатынас және психологиялық суреттеу сияқты нарративтік тәсілдердің көркем шығарма мазмұнын қалыптастырудағы қызметі айқындалады. Баяндау формалары арқылы жануарлар әлемінің суреттелуі, олардың мінез-құлқы мен әрекеттері адамзат қоғамындағы моральдық, философиялық мәселелермен астастырыла көрсетілетіні дәлелденеді. Мақалада анималистік прозадағы баяндау құрылымының эстетикалық, танымдық және идеялық мәні анықталып, мұндай шығармалардың жанрлық табиғатын ашудағы маңызы көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері қазақ прозасындағы анималистік мәтіндерді нарратологиялық және құрылымдық тұрғыдан талдауға ғылыми негіз бола алады.
