ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЦИФРЛЫҚ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЦИФРЛЫҚ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.02

Кілт сөздер:

тіл тазалығы, эколингвистика, қазақ тілі, цифрлық медиа, тіл өміршеңдігі, тілдік норма.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілінің цифрлық медиакеңістікте қолданылуы аясында тіл тазалығы мәселесі қарастырылады. Аталған зерттеу өзектілігі онлайн форматтағы бұқаралық ақпараттық құралдардың, әлеуметттік желілер мен ондағы контенттің тілдік нормаға, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тіл өміршеңдігіне деген әсерінің күшеюімен сипатталады. Мақала мақсаты – қазақ тілінің цифрлық медиамәтіндердегі тіл тазалығын сақтауға ықпал ететін эколигвистикалық факторларды анықтау. Эколингвистика, әлеуметтік лингвистика және медиалингвистика қағидалары зерттеудің әдістемелік негізін құрайды. Эмпирикалық материалдар ғаламтордағы бұқаралық ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың қазақ тілді мәтіндерін қамтиды. Талдау нәтижесінде тілдік ауытқулардың негізгі түрлері анықталды: кірме сөздердің шектен тыс қолданылуы, гибридтену, орфографиялық вариативтілік. Цифрлық медиақұралдардың тіл тазалығына бір мезетте теріс әсер етуі мен қазақ тілінің өміршеңдігіне оң ықпал етуші ресурс ретінде қызмет атқаратыны туралы екі ұшты тұжырым жасалады

Автор туралы мәліметтер

Ерсұлтанова Қаракөз Жамбылқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...