ЖАС КОГОРТАЛАРЫНЫҢ (X, Y, Z, ALPHA) ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖАС КОГОРТАЛАРЫНЫҢ (X, Y, Z, ALPHA) ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.10

Кілт сөздер:

әлеуметтік желі, социолингвистика, прагматика, жас когорталары, коммуникативті ерекшеліктер.

Аңдатпа

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер адамдардың қарым-қатынас жасау, ақпарат алмасу және өзін таныту кеңістігіне айналды. Дегенмен бұл ортадағы коммуникация барлық жаста бірдей жүзеге аспай, жас ерекшеліктеріне қарай тілдік таңдау, қарым-қатынас формасы мен коммуникативтік стратегия тұрғысынан өзгешеленеді. Мақалада X, Y, Z және Alpha жас когорталарының қазақтілді әлеуметтік желі кеңістігіндегі (Instagram, TikTok, Facebook) коммуникативтік мінез-құлқы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты — әртүрлі буын өкілдерінің тілдік таңдауы мен коммуникативтік стратегияларындағы айырмашылықтарды айқындау. Зерттеу барысында эмпирикалық деректерді жинау үшін арнайы әзірленген сауалнама әдісі қолданылып, нәтижелеріне статистикалық және лингвистикалық талдау жасалды. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, аға буын (X, Y) көбіне ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәтіндерге басымдық берсе, жас буын (Z, Alpha) мультимодалды және экспрессивті-эмоционалды коммуникацияға бейім. Зерттеу барысында әлеуметтік желінің әсерінен ойды қысқа, ықшам жеткізу дағдысының қалыптасуы мен тілдік нормалардың трансформациясы (сленг, эмодзи, гибридті стиль) сипатталды. Зерттеу  қорытындылары медиалингвистика мен социолингвистика саласындағы қазақтілді цифрлық дискурс теориясын толықтырады.

Авторлар туралы мәліметтер

Бекзат Қамбарова , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– PhD докторант

Гулназ Бейсенбекова , Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

*Нұргүл Шадиева, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...