ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МЕТАНАРРАТИВ: АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МЕТАНАРРАТИВ: АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.18

Кілт сөздер:

метанарратив, нарратор, баяндау стратегиялары, интермәтіндік өріс, автор интенциясы

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Айгүл Кемелбаеваның шығармаларындағы нарративтік стратегиялар мен интермәтіндік байланыстар талданады. Зерттеу нысаны ретінде «Мұнара» романы, сондай-ақ «Ер Төстіктің дүниеге келуі» және «Шашты» әңгімелері алынды. Жұмыстың теориялық негізін Ж.Женетт, Ж.-Ф.Лиотар, Р.Барт, Б.Макхейл, В.Шмид, Я.Альбер және П.Доусон еңбектеріндегі нарратологиялық және постмодернистік концепциялар құрайды.

Зерттеудің мақсаты – жазушы прозасындағы метанарративтік құрылымдардың көркемдік қызметін айқындап, олардың мәтін поэтикасындағы орнын анықтау. Қазіргі әдеби үдерісте авторлық сана мен баяндау деңгейлерінің күрделенуі метанарратив мәселесінің өзектілігін арттыра түседі. Талдау барысында метанарративтік құрылым, тарихи шындық пен мифологиялық кеңістіктің тоғысуы қарастырылып, көркем мәтіндер нарратологиялық тұрғыдан зерделенді.

Зерттеу нәтижесінде Айгүл Кемелбаева шығармалары постмодернистік поэтика аясында мәтіннің өзіндік табиғатын танытатын күрделі көркемдік жүйе ретінде сипатталды. Автордың ұлттық код пен жаһандық мәдени парадигмаларды синтездеуі арқылы жаңа метанарративтік модель қалыптастырғаны анықталды.

Мақаланың ғылыми маңызы – қазіргі қазақ прозасындағы метанарратив мәселесін жүйелі түрде қарастырып, жазушы шығармаларының құрылымдық ерекшеліктерін жаңа теориялық тұрғыдан пайымдауға мүмкіндік беруімен айқындалды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айжан Жорашова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант 

Саулеш Айтуганова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Қаракөз Тамабаева , Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...