*ҚАЗЫЛЫҚ ТАУЫНЫҢ КӨРКЕМ САНАДАҒЫ ПІШІНІ

*ҚАЗЫЛЫҚ ТАУЫНЫҢ КӨРКЕМ САНАДАҒЫ ПІШІНІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.21

Кілт сөздер:

сакралды кеңістік, Қазылық, топоним, тау, атамекен.

Аңдатпа

Мақалада мифтік баяндар мен ауыз әдебиеті үлгілеріндегі «Қазылық тауының» көркем санадағы бейнесі талданды. Соның ішінде жекелеген топонимдік атау арқылы «кеңістік коды» ұғымына үңіліп, танымдағы алғашқы түсінік-ұғымдары сараланды. Мифтік танымнан санаға орныққан «Қазылық» атауының көркем-эстетикалық қызметі анықталды. «Қазылық» топонимінің сакралды қызметі оғыз-қыпшақ дәуіріндегі жырлардан бастау алып, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде жалғасын тапты. Бұл атаудың түркі халықтарына тән ауыз әдебиет үлгілерінде қызметі салыстырылды. Зерттеу барысында «Қазылық» атауы мифопоэтикалық топоним ретінде қарастырылды. Бұл тау, қала атауының түркі танымындағы орны мен қызметін талдауда «Қорқыт ата кітабы», Күдеріқожа Көшекұлының толғауы алынды. Топоним ретінде қабылданған ұғымның көркем кеңістіктегі бейнелеу құралы ретіндегі қолданысы мифтік баяндармен салыстырыла отырып қарастырылды. «Қазылық» топонимінің қалыптасуына негіз болған тарихи-мәдени, мифологиялық және тілдік уәждер сараланып, оның көркем мәтіндегі семантикалық және символдық мәні айқындалды. Топонимнің шығарма кеңістігін ұйымдастырудағы, тарихи жад пен ұлттық дүниетанымды танытудағы, сондай-ақ кейіпкердің кеңістікке қатысты танымын берудегі қызметіне талдау жасалды. «Қазылық» топонимінің танымдық, көркемдік және мәдени-семантикалық қызметін айқындаған талдау нәтижесінде оның жай ғана географиялық атау емес, ұлттық тарихи-мәдени ақпаратты жинақтайтын көркемдік бірлік екендігі туралы ғылыми тұжырымдар жасалды.

Авторлар туралы мәліметтер

*Маржан Миразова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD),  аға оқытушы

Жібек Бултанова , Музыкалық жас көрермен театры

– филология ғылымдарының кандидаты, Көркемдік басқару құрамының әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...