*ЦИФРЛЫҚ ГУМАНИТАРИСТИКА АЯСЫНДА ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ* Мақала Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2026 жылғы 21 мамырдағы №05-04/568 бұйрығы негізінде қаржыландыратын «Ежелгі әдебиетті интеграциялай оқыту: кросспәндік зерттеу аясында білім алушының ойлау траекториясын модельдеу» атты ғылыми жоба аясында әзірленді.
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.28Кілт сөздер:
ежелгі дәуір әдебиеті, цифрлық гуманитаристика, оқыту парадигмасы, дидактикалық модель, корпустық талдау, визуализация, пәнаралық интеграция.Аңдатпа
Мақалада цифрлық гуманитаристика (Digital Humanities) негізінде ежелгі дәуір әдебиетін оқытудың жаңа парадигмасы қарастырылады. Қазіргі цифрландыру жағдайында гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңарту, әдеби мұраны оқытудың дәстүрлі әдістерін инновациялық технологиялармен ұштастыру — өзекті ғылыми-педагогикалық мәселелердің бірі. Осыған байланысты зерттеуде цифрлық гуманитаристиканың ғылыми-әдіснамалық мүмкіндіктері ежелгі дәуір әдебиетін оқыту үдерісімен сабақтастықта талданады.
Зерттеу барысында корпустық талдау платформалары (Voyant Tools, AntConc), цифрлық архивтер, ашық дерекқорлар, геоақпараттық жүйелер (GIS), желілік талдау (Network Analysis), сондай-ақ виртуалдық және толықтырылған шындық (VR/AR) технологияларының дидактикалық мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл құралдар студенттердің әдеби мәтінді тарихи, тілдік, мәдени және философиялық контексте кешенді талдау жасауына, зерттеушілік және интерпретациялық дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.
Мақалада қазақстандық жоғары білім беру жүйесіне бейімделген ежелгі дәуір әдебиетін оқытудың авторлық цифрлық дидактикалық моделі ұсынылады. Ұсынылған модель дәстүрлі әдеби талдау әдістерін цифрлық гуманитаристика құралдарымен ықпалдастырып, студенттердің зерттеушілік, сыни ойлау, цифрлық және пәнаралық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері филология, педагогика және түркітану бағытындағы жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде пайдалануға болатын ғылыми-әдістемелік негіз болып табылады
