*ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ДИСКУРСЫНДАҒЫ ГЕНЕРАТИВТІ СЕМАНТИКА: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.08Кілт сөздер:
Түйін сөздер: генеративті семантика, дискурс, эксплицитті модель, имплицитті модель, ретроспекция, синтаксистік параллелизм, когезия, типологиялық-дискурстық баланс.Аңдатпа
Зерттеу нысаны — қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі дискурстық материалдарда терең мағыналық құрылымның берілу жолдары. Мақалада генеративті семантиканың коммуникативтік-прагматикалық сипаты, эксплицитті және имплицитті байланыстардың арақатынасы, ретроспекция мен синтаксистік параллелизмнің тілдер бойынша таралуы қарастырылды. Зерттеу материалы ашық электрондық корпустардан іріктелген 120 мәтіндік фрагменттен құралды; әр тілден 40 фрагмент алынды. Морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және семантикалық талдау салыстырмалы және статистикалық өңдеумен ұштастырылды. Кодтауға екі тәуелсіз сарапшы қатысып, келісім деңгейі Cohen’s Kappa коэффициентімен тексерілді (κ=0,84). Тіл мен дискурстық ұйымдасу типтері арасындағы байланыс Pearson χ² критерийі және Cramer’s V арқылы бағаланды. Нәтижелер қазақ мәтіндерінде имплицитті модельдің 67,5 пайыз, ағылшын мәтіндерінде эксплицитті модельдің 77,5 пайыз болғанын көрсетті; орыс тілі аралас сипат танытты. Бұл айырмашылық статистикалық мәнге ие болды. Ретроспекциялық құрылымдардың жиілігі үш тілде шамалас болса, синтаксистік параллелизм орыс мәтіндерінде жиірек кездесті. Зерттеу үш тілдегі дискурстық ұйымдасу мен тілдік типологияның байланысын нақтылап, эксплицитті және имплицитті модельдердің арақатынасын жинақтайтын типологиялық-дискурстық баланс көрсеткішін ұсынады. Алынған тұжырымдар генеративті семантиканы тұтас мәтін деңгейінде сипаттауға және тілдер арасындағы дискурстық айырмашылықтарды түсіндіруге мүмкіндік береді.
