ҚАЗАҚ ОЧЕРКТЕРІНІҢ ТИПТІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖОЛСАПАР ОЧЕРКТЕРІНІҢ ПРАГМАТИКАСЫ

ҚАЗАҚ ОЧЕРКТЕРІНІҢ ТИПТІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖОЛСАПАР ОЧЕРКТЕРІНІҢ ПРАГМАТИКАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.04

Кілт сөздер:

қазақ очеркі, жолсапар очеркі, мәтін прагматикасы, бағалау семантикасы, авторлық «мен», деректілік пен субъективтілік, ұлттық-мәдени ақпарат, медиамәтін.

Аңдатпа

Мақалада қазақ очерк жанрының типтік түрлері жүйеленіп, олардың жанрлық-тақырыптық және функционалдық ерекшеліктері айқындалады. Зерттеудің мақсаты – қазіргі қазақ очеркінің даму үстіндегі және қолданысы сиреген түрлерін анықтап, портреттік, проблемалық, тарихи-танымдық, өндірістік және жолсапар очерктерінің көркем-публицистикалық табиғатын саралау. Зерттеу материалы ретінде Ш. Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» мен Қайрат Сақтың «Кәрі құрлық қазақтары бас қосты» жолсапар очеркі алынды. Мәтіндерді талдауда жанрлық-типологиялық, лексика-семантикалық, салыстырмалы және прагматикалық әдістер қолданылды. Нәтижесінде очерк мәтініндегі деректілік пен субъективті баяндаудың арақатынасы, авторлық «меннің» көрінісі, бағалауыштық семантика, адресатпен байланыс орнату тетіктері және кеңістік пен уақыт категорияларының прагматикалық қызметі анықталды. Ш. Уәлиханов очеркінде ғылыми-деректік баяндау басым болса, Қайрат Сақ мәтінінде риторикалық сұрақ, тікелей үндеу және эмоциялық бағалау арқылы оқырманмен диалог күшейетіні көрсетілді. Зерттеу қорытындылары қазақ публицистикасы мен көркем прозадағы очерк жанрының қазіргі даму үрдістерін түсіндіруге және очерктік мәтіндерді лингвопрагматикалық тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

Кесікбаева Әсем, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– PhD докторант

Қалбике Есенова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессоры

Фариза Исмаилова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD)

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...