АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  «Е»  КӨМЕКШІ  ЕТІСТІГІНІҢ   ЭВОЛЮЦИЯСЫ

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  «Е»  КӨМЕКШІ  ЕТІСТІГІНІҢ   ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.12

Кілт сөздер:

Абай, антропологизм, әдебиеттану, компоротивистика, көмекші етістік, мәтінтану лингвистикасы, тарихи лингвистика, түркология

Аңдатпа

Адамзаттың Абайы атанған  ақын шығармашылығын зерттеу әрқашан да өзекті. Мақалада Абайдың сөз өрнегіндегі «е» көмекші етістігінің  қолданылу өрісі салыстырмалы түрде алғаш рет арнайы қарастырылып отыр. Қазақ тілінде қимыл-қозғалысты, іс-әрекетті білдіретін сөздер негізгі етістіктер және көмекші етістіктер деп екі топқа бөлінгенімен, олар біртұтас күрделі етістіктер категориясы ретінде зерделеніп, негізінен баяндауыштық қызметте жұмсалады деп тұжырымдалатын. Сондай-ақ, олар мағыналық-семантикалық тұрғыда етістіктің шақ, рай, жақ категорияларын да білдіруімен шектелетін. Алайда, Абай тілінің прагматикалық ерекшеліктері «е» көмекші етістігінің қызметі дәстүрлі грамматикалық түсініктермен шектелмейтінін, оның қолданылу өрісінің бұрынғыдан әлдеқайда кеңейе түскенін айғақтайды.

Мақалада хакімнің бір ғана «е» көмекші етістігін отызға жуық тұлғада мыңнан астам рет қолданғанын ескерсек, ондағы айтылатын ой-пікір мен тұжырымдарды нақты дәлел-дәйектермен тиянақтауға мол мысал келтіруге болады. Бұл деректер аталған тұлғаның  функционалдық әлеуетінің жоғары екенін және оның мәтін түзуші, мағына ұйымдастырушы қызметтерінің жан-жақты екенін көрсетеді. 

Мақалада Абай антропологизмі бағытын бірнеше пәнаралық іргелі ғылым салаларымен ұштастыра отырып, кешенді компоротивизм тұрғысынан «е» көмекші етістігінің жалқылық (авторлық-стильдік, жеке-даралық) және жалпылық сипаттарын өзара салыстыра келе, оның даму эволюциясын ашып көрсету көзделді. Сол мақсатқа сәйкес   талдау  нысаны ретінда алынған бірнеше  өлең  мәтіні әр кезеңдегі басқа шығармалармен салыстырыла қарастырылып, мәтін  құрылымындағы  ақынның  сөз қолданысы,  өлең  мазмұнындағы  ұғымдардың  мән-мағынасы  талқыланып, айқындалады.

Мақалада   түрколог, зерттеуші-ғалымдардың  тұжырымдары басшылыққа алынды. Ақын өлеңдеріндегі тілдік тұлғалардың  қолданысын зерттеу оның өзіндік болмысын, сөз өрнегін айқындауға негізделетін талдау мен тұжырымдарға  жол  ашатыны  белгілі.

Авторлар туралы мәліметтер

саяси ғылымдарының кандидаты,, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

- Саясат ғылымдарының кандидаты6 профессор м.а. 

*Рабиға Тұяқбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Аға оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...