ҚОРҚЫТ АТА БЕЙНЕСІН МЕДИАКЕҢІСТІКТЕ ЖАНДАНДЫРУМӘСЕЛЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.22Кілт сөздер:
Қорқыт ата, медиакеңістік, визуалды образ, ұлттық мәдени код, аңыз кейіпкері, мифология, анимация.Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – Қорқыт ата бейнесінің медиакеңістіктегі орынын анықтап, неге көптеп көрсету керек екендігін дәлелдеу. Қазір цифрлық қоғамда, әлеуметтік желіде көп көрсетілген нәрсе ойда жақсы сақталып, танымалдыққа ие болады. Сол себепті аңыз-әңгімелерді медиада жиі беру маңызды. Осы мәселе аясында Қорқыт ата бейнесінің кино, анимация, және жалпы әлеуметтік желілерде қаншалықты жиі көрсетілуін талдаймыз. Зерттеуде Қорқыт ата туралы халық жадында сақталған түсініктер, анықтамалар, сипаттамалар қарастырылады. Ежелгі грек мифологиясындағы танымал, музыка әлемімен ассоциаланатын Орфей атты кейіпкердің медиа әлеміндегі таратылуы, әртүрлі бейнеде берілуіне қарай салыстырмалы талдау жасалады. Талдауға фильмдер, сериалдар, анимациялар және интернеттегі бейне материалдар негіз болады. Салыстыру нәтижесінде Қорқыт ата бейнесі медиада тек тарихи-танымдық бағытта ғана қолданылып жүргенін байқаймыз. Осының барлығын қорыта келе насихаттау мақсатында әртүрлі платформаларда, замануи форматта дамыту қажеттігі ұсынылады.
