*ҚАЗАҚ КІСІ ЕСІМДЕРІ: ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ[1] Мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын AP23489736 «Қазақ есімдерін цифрлық платформа аясына жинақтау және жаңа технологияларға бейімдеу»  атты гранттық ғылыми жоба аясында әзірленді.

*ҚАЗАҚ КІСІ ЕСІМДЕРІ: ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯ[1] Мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын AP23489736 «Қазақ есімдерін цифрлық платформа аясына жинақтау және жаңа технологияларға бейімдеу»  атты гранттық ғылыми жоба аясында әзірленді.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.03

Кілт сөздер:

кісі есімдері, демография, қоғам, уәж, таптастыру.

Аңдатпа

Мақалада қазақ кісі есімдерінің зерттелуіне шолу жасалады. Антропонимжасамда әлеуметтік-демографиялық факторлар маңызды рөл атқарады, мұны анықтау үшін отбасы мүшелерінің есімдері талданған. Антропоним ономастиканың бір түрі ретінде көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда қоғамда (отбасында) өмір сүретін жеке тұлғалардың есімі уәжіндегі әлеуметтік-демографиялық факторлар тұрғысынан антропонимжасамда жеке ұлттың танымын, дәстүрін, салтын айқындайды. Біздің зерттеуіміз қазақ антропонимдерінің қоғам мен әлеуметтік-демографиялық себептердің кісі есімдерде айқындалуы мен олардың уәжідерін ашуға бағытталған.

Мақаланың мақсаты – қоғамда, отбасында маңызы бар ерекшеліктерді таптастыратын және тұлғаны жекелейтін кісі есімдерін айқындау, олардың уәжінде сақталған әлеуметтік-демографиялық төлсипаттары бойынша таптастыру, психологиялық уәждерін анықтау, бір отбасы мүшелері есімдерінің ұйқастық заңдылықтарын табу, оларға талдау жүргізу, ғылыми негіздемесін әзірлеу, жүйелеу.

Зерттеу әдістері: статистикалық әдіс, салыстырмалы-салғастырмалы, этимологиялық талдау, компоненттік (семантикалық) талдау.

Зерттеу жұмысы лексика-семантикалық, когнитивтік бағытта орындалған. Антропонимдердің әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері бір отбасы мүшелері есімдерін талдағанда анық байқалады.

Мақаланың практикалық маңыздылығына оның негізгі нәтижелерін лексикология, ономастика, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика тәрізді теориялық курстарда, сондай-ақ қазақ тілін оқыту парктикасы үшін семинарларда қолдануға болатыны жатады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Сауле Иманберді, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

– филология ғылымдарының докторы,  профессор

Бекжан Әбдуәлиұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...