АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ "АҚЫЛ", "ЖҮРЕК", "ҚАЙРАТ" КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кілт сөздер:
Концепт, аударма, ақыл, қайрат, жүрекАңдатпа
Мақалада А.Құнанбайұлы шығармашылығындағы «ақыл», «жүрек», «қайрат» концептілерінің көрініс табуы мен олардың орыс тіліне аударылу тәсілдері қарастырылады. Концепт ұғымы когнитивті лингвистика тұрғысынан зерттеліп, терең түсініктеме беріледі. Мақаланың басты мақсаты Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбын, кемел адамға сай ақыл, жүрек, қайрат концептілерінің мағынасын ашып, ойлы көзбен оқып, жүрегіне сіңіре алатындай ету. Абай шығармаларындағы ақыл, қайрат, жүрек концептілерінің орыс тіліне аударылу ерекшеліктері зерттеліп, бірқатар аудармашыларының нұсқалары арқылы Абайдың адамгершілікті ұстанудағы маңызды философиялық түйіндерінің берілуі анықталады. Түпнұсқа мен аударма мәтініндегі ақын стилі мен өзіндік даралығын анықтап, тәржімалану ерекшеліктері көрсетіледі. Абай шығармаларында «Абай үшкілі» атанған ақыл, жүрек, қайрат концептілерінің орыс тіліндегі оқырманға жеткен мағынасы мен дәрежесін зерделеп, сапалы, сәтті аударма нұсқалары анықталады. Мақаланы талқылау барысында Абай өлеңдері асылнұсқа ретінде алынып, А.Штейнберг, Ә.Қодар, М.Адибаев, М.Дудин, С.Тілеубаев, Э.Шехтман, А.Гатов, М.Сұлтанбеков, Вс.Рождественский, Г.Белъгер, Б.Момышулы, Д.Бродский, Ю.Кузнецов, Ю.Нейман, Е.Курдаковтың аударма нұсқалары салыстырылды. Абайдың қара сөздерінің аударма нұсқалары ретінде Р.Сейсенбаев пен К.Серікбаева, С.Санбаев, В.Шкловский аудармалары қарастырылды.