ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ – СӨЙЛЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ – СӨЙЛЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

мақал-мәтелдер, сөз өнері, сөйлеу, тәрбие, тіл байлығы

Аңдатпа

Aңдатпа. Мақалада мақал-мәтелдерді халықтық педагогика жанры ретінде, білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу құралы ретінде қолданудың маңыздылығы туралы айтылады. Сонымен қатар қазақ этносының мақал-мәтелдерінің этимологиясы мен жанрлылығы мәселелері және оқытуда қолданудың маңыздылығы да қарастырылған.

Мақал-мәтелдердің моральдық-ағартушылық сипатына назар аудару керек. Олар адам туралы, жеке тұлғаны қалыптастыру туралы, адамгершілік, еңбек, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие туралы халықтық идеяны білдіретін ұсыныстардың тұтас кешенін қамтиды. Мақал-мәтелдер арқылы халықтық тәрбиенің негізгі құндылықтарын түсінеміз.

Нақыл сөздер бізге көп нәрсені ойлануға мүмкіндік береді, күнделікті өмірде өзі үшін қиын немесе мүлде жоқ нәрсені сезіндіреді, өз ойын, өз бейнесін жасайды, өзінің болмысы мен ондағы орнын сезінуге әсер етеді.

Эмоционалды бай көркем бейнелер мінез-құлыққа, қоршаған ортаға деген көзқарасқа қатты әсер етеді. Олардың жарқындығы, эмоционалдылығы дұрыс көзқарасқа жетелейді. Ол ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінуге көмектеседі, жақсы мен жаманды айыра білудің тағы бір сатысына көтереді, сол арқылы адамгершілік сезімдер мен қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді.

Халқымыздың мақал-мәтелдерінен оның ғасырлар бойы қалыптасқан даналығы көрінеді. Осындай қасиеттеріне қарай мақал-мәтелдерді тәрбие және оқу үрдісінде орынды пайдалану, еліміздің тарихын, тілін жетік білуде үлкен рөл атқарады. 

Мақал-мәтелдердің тілі – қарапайым әрі көркем, сөздік  құрамы өте бай. Сөйлемнің құрылысы жағынан жеңіл әрі әсерлі болып келеді. Қазақ халқы мақал-мәтелдердегі сөздердің тек сыртқы сұлулығына емес, оның құрамындағы қолданылған сөздердің мағынасының орынды пайдаланылуына баса назар аударған. Мақал-мәтелдерді қолдану ана тіліміздің байлығын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білуімізге, тілімізді дамытып, ой-өрісімізді кеңейтуге себепші болады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Динара Бисмильдина, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

 

Гулмира КАМИЕВА, Astana IT University

– педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Зулкия Молдахметова, Astana IT University

– педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...