ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ ҚАЗАҚ, ОРЫС ТІЛІНДЕГІ САБАҚТАРДА МӘСЕЛЕЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ ҚАЗАҚ, ОРЫС ТІЛІНДЕГІ САБАҚТАРДА МӘСЕЛЕЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

оқыту технологиялар, проблемалық оқыту, жобалау әдісі, жоба, рефлексия, синквейн, инновациялық технология

Аңдатпа

Мақалада техникалық университеттерде тілдерді проблемалық тұрғыда  оқыту технологиясы қарастырылады. Проблемалық жағдайды жобалау тілдерді үйренуге деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Жаңа білім беру технологияларын енгізу және пайдалану тілді меңгеру сапасына да оң әсерін тигізеді. Жоба әдісі техникалық университет студенттерінің танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

Мақсаты: техникалық ЖОО-да қазақ, орыс тілдерін оқыту процесіне арналған проблемалық оқыту технологиясын, жобалау әдісін талдау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқу процесінде коммуникативті көзқарасты, проблемалық жағдайды жобалауды, проблеманы тұжырымдауды, мәселені шешу процесін, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуді, жобаны ұсыну формасын қолдану қажет. Зерттеу барысында сипаттамалық әдіс, талдау және синтез әдістері қолданылды. Проблемалық оқыту технологиясы мен жоба әдісін оқу процесіне енгізу тілдерді оқыту сапасын арттыруға, ең бастысы, ойлауды, дәлелдеуді, шығармашылық, ұтымды шешімдерді табуға үйретеді, жеке және шағын топтарда жұмыс істеуге дағдыландырады.

Авторлар техникалық университетте өтетін тіл сабақтарында жобалық қызмет әдісін қолданудың практикалық тәжірибесін ұсынады. Апробация өткізу арқылы жоба әдісін жұмыс оқу бағдарламасының кез-келген тақырыбын зерттеуде қолдануға болатындығы анықталды. Оқытудың белсенді әдістері сабақтың негізгі өзегі болып табылады. Жобалық әдіс коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға және студенттердің креативті ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

Гүлзада Асавбаева, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Сәуле Ережепова, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

*Аман Жумсакбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...