*«ПАНЧАТАНТРА», «КӘЛИЛА МЕН ДИМНА» ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЫСАЛЫ: СЮЖЕТ ПЕН ТРАНСФОРМАЦИЯ

*«ПАНЧАТАНТРА», «КӘЛИЛА МЕН ДИМНА» ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЫСАЛЫ: СЮЖЕТ ПЕН ТРАНСФОРМАЦИЯ

Авторлар

Кілт сөздер:

Сюжет. Мысал. Кейіпкер. Тәмсіл. Жырлау. Әдеби жәдігерлік. Түрлену. Трансформация.

Аңдатпа

Бұл мақала қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Аңқау мен қу» атты мысалының оқиға желісі мен «Панчатантра» және «Кәлила мен Димна» сюжеттерінің төркіндестігін айқындауға арналған. Ежелгі үнді әдеби ескерткіші – «Панчатантрада» алғаш көрініс тауып, одан араб әлемінің әдеби жәдігерлігі – «Кәлила мен Димнаға» ауысып, Азия елдеріне тарап, оның ішінде Орталық Азияның сөз шеберлерінің шығармашылығына сіңген сюжеттің даму жолына талдау жасалады.

Автор шығыс аңыздарының негізінде бірнеше мысалдар мен дастандарды жырлап, әдебиетіміздің қазынасына қосқан Майлықожаның көне сюжеттен жаңа шығарма туындату шеберлігін танытуға ден қойған.  Ақынның түпкі сюжетті пайдалана отырып, мысал түрінде жырлау барысында қандай көркемдік тәсілдер қолданғанына мән берілген. Қазақ топырағына бейімделген тәмсілдің түрлену ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан сараланған.

Майлықожаның «Аңқау мен қу» мысалы арқылы ежелгі дәуірден жалғасып келе жатқан сюжеттің поэтикалық трансформациясын көрсетуге назар аударылды. Сондай-ақ шығарманың көркемдік деңгейі, кейіпкерлер тартысы, образдар жүйесі талдап-таразыланды.

Бұл еңбекте «Панчатантра» мен «Кәлила мен Димнадан» тамыр тартатын Майлықожа мысалы қазақ әдебиетінің тарихи байланыстары тереңде жатқанының көрінісі ретінде жан-жақты қарастырылды.

Автор туралы мәліметтер

Бауыржан Омаров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...