СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ «ІЛКІ ТӨР» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ СИМВОЛДЫҚ-МИФОПОЭТИКАЛЫҚ МӘНІ

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ «ІЛКІ ТӨР» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ СИМВОЛДЫҚ-МИФОПОЭТИКАЛЫҚ МӘНІ

Авторлар

Кілт сөздер:

Серікбол Қондыбай, мифопоэтика, Ілкі Төр, символ, мәтін, миф, поэзия, көркем шығарма

Аңдатпа

Мақалада мифолог ғалым С.Қондыбайдың еңбектеріндегі мифтік, символдық тұжырымдар мен көзқарастарына талдау жасалған. Байырғы қазақ дүниетанымының негізгі сипаттамасының біріне айналған «Ілкі Төр» концепциясының мән-мағынасы, оның поэтикалық шығармалармен сабақтастығы, мәдени код, ұлттық болмыс аспектілерімен арақатынасы сараланды. Мифопоэтикалық талдау нәтижесінде, ғалым мұрасының қазіргі қазақ қоғамына қажетті рухани тұжырымдамалар айшықталып, айқын көрініс тапты. Миф пен поэтикалық шығарманың байланысы да мақаланың негізгі нысандары болды. Оның дәлелі ретінде С.Мәуленов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев секілді қазақ ақындарының поэзиясындағы мифтік қабаттар, символдық бейнелер, көркем детальдарға талдау жасалды. Сондай-ақ, осы поэтикалық мәтіндердегі Ілкі таным, Ілкі Төр, салт-дәстүр, бұрынғы бабалардың дүниетанымы секілді әдеби аспектілер де жаңаша тұрғыда қарастырылды. Жалпы, С.Қондыбай ұмыт бола бастаған байырғы таңбалар жүйесін, әрі оның қызметін терең әрі тыңғылықты зерттегенін білеміз.

Таңба, символ, деталь, бейне бірлігі – тұтас дәуір құндылықтарын, ондағы моральдік-гуманистік идеяларды танытады. Сондықтан тарихтың әдебиетке, әдебиеттің тарихқа ықпалы үнемі жоғары. Ғалым айтқан «Арғықазақтың» өмірлік құндылықтары осы категорияларға негізделеді. Мақалада осы таным көкжиегі, теориялық ізденістер кездеседі. Мифология, миф, символ туралы түсініктерді айқындай түсу мақсатында мифолог, әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдапр басшылыққа алынды.

Авторлар туралы мәліметтер

Біржан Ахмер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты

*Жанат Аймұхамбет, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессоры

Карлыгаш Курмамбаева, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға  оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...