FLIPPED ОҚЫТУТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА АУТЕНТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Кілт сөздер:
оқуматериалыныңаутентикалығы, flipped оқыту, қазақтілішеттіліретіндеАңдатпа
Мақалада университет курсы аясында қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу материалдарын дайындау мәселелері қарастырылған. ЖОО-ның тілдерді оқыту жүйесіндегі өзгеріп жатқан жағдайларды ескере отырып, оқытылатын тілді меңгерген заманауи маман даярлауға қойылатын мақсаттар мен талаптарға қол жеткізу үшін жаңа талаптар көбейіп келеді. Алып жатқан білім мен дағдыларды қолданудың практикалық деңгейіне жететіндей оқытуға баса мән беру жағдайында мұғалімнен тиісті және тиімді оқыту курстарын дайындаудың барлық мүмкін жолдарын белсендіруді талап етеді. Бұл мақалада қолдануға болатын, әсіресе қаржылық немесе еңбекті қажет етпейтін және педагогикалық мамандардың кең ауқымда пайдалана алатын бір қатар әдістермен жолдар ұсынылған. Жаппай компьютерлік мәтін бағдарламалардың стандарты құралдары, қолжетімді интернет-ресурстар мұғалімінің өз тіл курстарын құру мүмкіндіктерін кеңейте алады, бұл мұндай материалдарды тиімдірек және курсты бәсекеге қабілетті етеді. Оқытудың нақты аутентикалығы арқылы практикалық оқу материалдарын жасау, оқу ресурстарының көрнекілігі және студенттерді оқу процесіне белсенді түрде тарту кең контексте оқытудың әлеуетін кеңейтетін құнды мүмкіндіктерге айналады.