РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ХАН-СҰЛТАНДАР МЕН БАТЫРЛАР БЕЙНЕСІ

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ХАН-СҰЛТАНДАР МЕН БАТЫРЛАР БЕЙНЕСІ

Авторлар

Кілт сөздер:

қазақ прозасы, Рахымжан Отарбаев шығармашылығы, психологизм, образ, дәстүр мен жаңашылдық

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – жазушы Рахымжан Отарбаев шығармашылығының өзіндік стильдік ерекшелігі, жазушының образ сомдау ерекшелігі, бүгінгі прозадағы орны, дәстүр мен жаңашылдық мәселесін қарастыру. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы –Рахымжан Отарбаевтың драмалық шығармаларындағы хандар мен сұлтандардың, батырлардың бейнесін суреттеудегі ерекшеліктерін мысалдар арқылы көрсету.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – мақалада Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық мұрасы жан-жақты талданады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі А.А. Белих, Х.Г.  Гадамер, Е.И. Диброва, И.Д. Ермаков , Л.В. Карасев, Г.К. Котков, Е.М. Лулудова, В.П. Руднев және тағы басқа да әдебиеттанушы ғалымдардың философиялық және әдеби зерттеу еңбектері болды.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі – Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық мұрасына байланысты ғылыми талдаулар жасалды, жазушы шығармаларының көркемдігі мен тарихилығы нақтылы мысалдар арқылы дәйектелді.

Рахымжан Отарбаевтың суреткерлік әлемі замандастарынан қарағанда ерекше деп айтуға болады. Оқыған сайын ойың алысты көреді, ойдан ой туып, тағы да жаңа бейне көрсем деп үміттенеді. Жазушының көркем шығармаларының басты мақсаты – адам мен қоғамның  болашағы. Осы үш өзек  әр  шығарманы  оқыған адамның  санасын оятып, рухани байлық береді. Адам – кешегі бабаларымыз, анығында Отарбаев жазған Бейбарыс, Махамбеттер. Ал қоғам дегеніміз – сол қайраткерлер өмір сүрген кезең, уақыт, орта. Ал болашақ келесі ұрпақтың танымы мен көкжиегі, ертеңгі елдің ту ұстарларының тұлғалар өмірінен нәр алуы, сусындауы.

Зерттеу жұмысында салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.

Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы – бұл мақала жоғары оқу орындарындағы әдебиеттану пәндерінің циклі бойынша дәрістер мен семинарларға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Авторлар туралы мәліметтер

*Айман Тоқсамбаева, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Айвар Қадыров, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Талғат Қабышев, Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...