*ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАР (А.Елгезек, Б.Қарағызұлы, Е.Жүніс шығармалары негізінде)

*ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕНДЕНЦИЯЛАР (А.Елгезек, Б.Қарағызұлы, Е.Жүніс шығармалары негізінде)

Авторлар

Кілт сөздер:

поэзия, форма, стиль, модификация, ырғақ, ақ өлең, қара өлең, прозалық өлең.

Аңдатпа

. Мақалада қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңашылдық пен дәстүр сабақтастығын анықтау мақсатында екі мыңыншы жылдардан кейін шығармашылығы оқырман қауымға етене таныла бастаған қаламгерлердің өлеңдеріне талдау жасалды. Олардың өлеңдеріндегі соңғы тенденциялар мен әрбірінің стильдік ерекшелігіне жіті назар аударылды. Өлеңдердің синтактсистік құрылымы мен тілдік бірліктеріне және интонациялық құрылымына ерекше көңіл бөлінді. Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың өлеңтануға байланысты ғылыми тұжырымдары негізінде ақ өлең және прозалық өлең түрлеріне мысалдар келтірілді. Өлеңдердің тек сыртқы формасы ғана қарастырылып қоймай,  ішкі мазмұнына, тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне мән берілді. Өлеңдердің шумақтық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Буын, бунақ, тармақ, ұйқас секілді ұғымдардың бұрынғыдан өзгерісіне мән берілді. Өлеңдердің құрылымына қоғамдық даму кезеңдерінің қалай әсер еткендігі анықталды. Зерттеу барысында қазіргі қазақ поэзиясындағы құрылымдық өзгерістерден бөлек әлемдік поэзиядағы соңғы кездері пайда болған тенденцияларға да назар аударылды. Ғаламтор мен технологияның дамуының әсерімен өлең жүйесінде пайда болған жанрлық ерекшеліктердің сабақтаса дамуы қарастырылды.

Зерттеу нәтижесінде қазіргі қазақ поэзиясының даму сипаты мен ондағы жаңашылдық белгілері, поэзиядағы жанрлық өзгерістер екшеліп көрсетілді. Қазіргі ақындардың поэзияны түрлендірудегі соны ізденістері анықталды.

Авторлар туралы мәліметтер

Айжан Құрманбай, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

– ғылыми қызметкер

*Жансулу Сарсенбаева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– ғылыми қызметкер

Ерқанат Хуатбекұлы, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

философия докторы (PhD), аға ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...