*ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

*ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

сөйлеу мәдениеті, тілдердің өзгеруі, тілдік норма, сана, шаршысөз.

Аңдатпа

Бұл мақалада 20 ғасыр басындағы өзге тілдер, әсіресе орыс тілі әсер етпей тұрған кездегі қазақ тілінің ұлттық нормасы сөз болады. Бұл мәселенің көтерілу себебі еліміздегі НУ және СДУ сияқты ағылшын тілінде білім беретін университет студенттерінің бейнежазбаға түсірілген сөздеріне жасалған талдаулар нәтижесімен байланыстырыла отырып түсіндіріледі. Сонымен бірге қазіргі жастар арасында қазақ тілінің өз беделінен айырылуының себептері айтылады, қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылысындағы өзгерістер мысалдар арқылы көрсетіледі. 20 ғасыр басындағы алғашқы әңгімелер, дәлірек айтқанда, қазақ халқының алғашқы прозашысы, әлеуметтік тақырыпта үздік әңгімелер жазған халық жазушысы, КСРО-ның қуғын-сүргініне (репрессия) ұшырап, жазықсыз ату жазасына кесілген Бейімбет Майлиннің әңгімелері негізінде қазақ ұлтының әлеуметтік санасындағы ұлттық құндылықтар, ұлттық сөз саптау нормасы талданады. Осы талдаулар бойынша тарихи-мәдени кодқа салынған сөздер мен сөз тіркестері – сол замандағы қазақ халқының әлеуметтік санасына тән жаппай, бірегей ұғымдар мен түсініктер екені анықталады. Әңгімелердегі қазақ әдеби тіл нормалары, тұрақты сөз тіркестері сол замандағы қазақ халқының әлеуметтік санасынан хабар беретіні айқындалады. Нәтижесінде қазақ тілінің өзге тілдер әсеріне ұшырамай тұрған кездегі сөйлеу ерекшеліктері, сөйлеу мәдениеті жайында тұжырым шығарылады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Жанар Байтелиева, Назарбаев Университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор

Құралай Күдериновa , А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...