ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Кілт сөздер:
гендер, стереотип, әйел жазбасы, феминизм, мизогиния.Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі қоғамдағы тарихи өзгерістермен өзара байланыста бола отырып, қазақ мәдениетінің ерекшелігін көрсететіндігі қарастырылады. Тарихи жəне əлеуметтік тұрғыдан алғанда, қазіргі Қазақстандағы əйел бейнесінің жаңа деңгейге көтерілуінің негізгі алғышарттары көрсетіледі. Сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі гендерлік стереотиптердің көрінісі талданады. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ әйеліне тән сұлу, отбасының ұйытқысы, еріне бағынышты, көнбіс, құрбан тағы басқа стереотиптердің таралуына әсер еткен тарихи жағдай, ұлттық дүниетаным, мәдениет, салт-дәстүр сияқты факторлар сараланады. Салт-дәстүр мен қазақ менталитетінің құрбаны болған әйелдердің қайғылы өмірлері сипатталған «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Ақбілек» т.б. көлемді шығармалар талданады. Соған қатысты XX ғасырдың басында жарық көрген шығармалар белгілі бір дәрежеде әйелдердің құқықтарына нұқсан келтіретін гендерлік стереотиптерге толы деген қорытынды жасалынады. Қазіргі уақытта жиі айтылатын мизогиния, гендерлік теңсіздік мәселелері де талқыланып кетеді. Сондай-ақ зерттеуде әйел жазбасының ерекшеліктері, қазіргі қазақ әдебиетіндегі әйел жазушылардың әңгімелері де талқыланады.