*АЛАШ КЕЗЕҢІНДЕГІ АУДАРМА: Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ДЖ.ЛОНДОН ӘҢГІМЕЛЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТҰҢҒЫШ АУДАРУШЫ

*АЛАШ КЕЗЕҢІНДЕГІ АУДАРМА: Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ДЖ.ЛОНДОН ӘҢГІМЕЛЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТҰҢҒЫШ АУДАРУШЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Қазақ аударматануы, алаш кезеңіндегі аударма, жанр аудармасы, Қазақ-Американ әдеби байланысы, әңгімелерді қазақ тіліне аудару, Америка әңгімелері, Дж. Лондон, Ж. Аймауытұлы.

Аңдатпа

Көркем аударма салыстырмалы әдебиеттанудың белсенді бір негізі екендігі даусыз, ендеше олардың байланысын жүйелі зерттеудің зәрулігі көп. Түпнұсқадағы айтылған ой ана тілінде қандай құнды болса, оның мазмұндық, мағыналық, пішіндік құндылықтарын сақтай отырып өзге тілге аударудың тауқыметі жетерлік. Аудармашы жұмысының  психологиялық, әдеби, тілдік, әлеуметтік сияқты сан түрлі қырлары бар екені тағы да белгілі. Түпнұсқадағы ақпараттық фон, яғни ұлттық ерекше ұғымдар, менталдық психологияға байланысты түсініктер, жанрлық ерекшелік, шығарманың әдеби ағым мен бағытқа қатысы, оның аударма тіліндегі ерекшеліктері және т.б. негіздерді ескере отырып ағылшын тілінен қазақ тіліне әр уақытта аударылған әңгімелердің нұсқаларын арнайы зерттеудің, яғни замана қойған сын‑талаптарын ескере отырып, тәржіманың орындалу мақсатын, түпнұсқа мен аударма мәтін арасындағы баламалық пен сәйкестік дәрежесін, автор мен аудармашының ұстанымының байланысын, аудармашылық қағидаларды қолданудағы мақсат‑мүддесін анықтауға тырысудың ғылыми‑тәжірибелік мәні аз емес. Мақалада Дж. Лондонның қазақ тіліне аударылған  екі әңгімесі түпнұсқамен салыстырылып, аударма дәлдігі, автордың идеясын берудегі аудармашы сүйенген әдіс‑тәсілдер зерттеп‑зерделенеді.

Авторлар туралы мәліметтер

Гүлшат Түсіпова, Абердин университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, Абердин университетінің докторанты

*Лаура Дауренбекова, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2023-10-19

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...