ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ САЯХАТТАҒЫ СИПАТТАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ САЯХАТТАҒЫ СИПАТТАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Әди Шәріпов, саяхатнама, сипаттама стратегиялары, Африка, саяхат күнделіктері.

Аңдатпа

Бұл мақала қоршаған әлемді де, адамның ішкі әлемін де сипаттайтын шығармашылық қасиеттерін анықтау және түсіну үшін көркем саяхатнаманы талдауға сипаттамалық стратегияларды қолдануға арналған зерттеу болып табылады. Сондай-ақ саяхатнаманың әдебиеттің кең тараған жанрларының бірі екені атап өтіледі. Мақала авторлары жазушының саяхат жазбаларындағы автордың сипаттау стратегиясының мазмұндық ерекшеліктерін анықтай отырып, зерттеу нысаны ретінде саяхатнамаға тоқталады. Жұмыс барысында жазушының саяхатнамалық шығармасының айқындаушы сәтін белгілеу үшін оның өмірінен алынған өмірбаяндық мәліметтерді талдау және бағалау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ жұмыс барысында жазушының саяхатнамалардағы тілдік тәжірибесі салыстыру, метафора, тұлғалау, детальдау, әзіл мен ирония сияқты тілдік объектификацияның стратегиялары арқылы жаңа мәдениеттерді жеткізетін ойшыл авторлардың бір ерекшелігі ретінде қарастырылады. Авторлар жазушының тілінде саяхатнаманың композициялық-семантикалық ұйымдасуына бағынатын біртұтас жүйе мен оның ішкі заңдылықтарын көрсетеді деп болжайды. Мақалада Әди Шәріповтің жолжазбалары Қазақстанның және басқа елдердің мәдениеті, тарихы мен географиясы туралы көркемдік жағынан құнды ақпарат көзі ретінде орынды әрі түсінікті екені атап көрсетілген. Жазушының суреттеу стратегиясын анықтауда объективті аналитикалық, әдеби және басқа да ғылыми әдістер пайдаланылды. Сондай-ақ саяхатнаманың түрлері мен жанрларын талдау, олардың бүгінгі күні жалпы қабылданған бір ғылыми анықтамасы жоқ үлкен алуан түрлілігін, сонымен қатар өнердегі, әсіресе, әдебиеттегі көптеген шешілмеген аспектілерін ашатыны көрсетілген. Авторлар саяхатнаманың көркемдік құбылысын тереңірек түсіну үшін жеке жазушының суреттеу стратегиясына негізделген әдіс-тәсілдерді ұсынады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гулсим Досмаганбетова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жайнагул Бейсенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-04

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...