АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ БІЛІМ-ҒЫЛЫМ КОНЦЕПТІСІН ТЕЗАУРУСТЫҚ ТАЛДАУ

АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ БІЛІМ-ҒЫЛЫМ КОНЦЕПТІСІН ТЕЗАУРУСТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

Кілт сөздер:

концепт, ассоциациялық өріс, перифериялық аймақ, ұлттық концептосфера, бинарлық оппозиция, қарасөздер.

Аңдатпа

Мақалада Абай қарасөздеріндегі «білім-ғылым» концептісі тезаурустық талдау негізінде қарастырылды. Қазіргі Абайтану саласында өзіндік үлесін қосқан Р.Сыздық, Б.Қамызанова, А.Салқынбай, А.Еспенбетов, Б.Ердембеков, А.Смагулова, Ж.Мадалиева, А.Ислам, С.Жиренов, А.Әмірбекова, Ж.Дәдебаев, Қ.Сарекенова, А.Есжанова, Г.Есім пікірлері негізгі алынып, өзара салыстырылды. Абай қарасөздеріндегі «білім-ғылым» концептісі ақын өмір сүрген дәуірдің шынайы бет-бейнесін көрсетіп, ұлттық-мәдени, саяси, тарихи аспектіде қазақ қоғамының руханияты анықталады. Қазақ руханиятында білім мен ғылым үлкен маңызға ие. Осы ретте Абайдың қарасөздерін когнитивтік аспектіде, оның ішінде «білім-ғылым» концептісін қарастырудың маңызы зор.

Мақалада Абай шығармашылығы, қарасөздеріндегі негізгі интенциялар анықталды. «Білім-ғылым» концептісінің талдауда дефинициялық талдау әдісі қолданылды. Қарасөздердегі «білім-ғылым» концептісінің ассоциациялық өрісінің қатары – білім, ғылым, қайрат, ақыл, мінез, жүрек түсініктері. Тезаурустық талдау барысында қарасөздердегі «білім-ғылым» ұғымының қазақ қоғамындағы маңызы анықталып, концепті ретінде жақын, алыс перифериялық аймағы, ядросы айқындалды. «Білім-ғылым» концептісінің ядросы ретінде ақыл; жақын перифериясы ретінде мінез, қайрат, жүрек, ар, естілік, беріктік; алыс перифериясы білімсіздік, надандық, хайуан жаны, сөз ұғарлық кісілер, батыр ұғымдарымен анықталады.

Автор туралы мәліметтер

Құралай Төлебаева, Әлихан Бөкейхан университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2024-08-13

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...