ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ІЗГІЛІКТІҢ ЖЫРЛАНУЫ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ІЗГІЛІКТІҢ ЖЫРЛАНУЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Ясауи, Абай, ізгілік, махаббат, мейірім, адамгершілік.

Аңдатпа

Мақалада Көне түркі жазба әдебиетінің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауи хикметтері мен Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың мазмұндық, идеялық байланысы қарастырылады. «Әдебеиттің басты нысаны – адам» деп академик З. Қабдолов айтқандай жаратылған заттардың бәрі жаратушының сүйікті құлы адамдар үшін қызмет етеді. Осындай сүйіспеншілікке бөленген пенде бойындағы мінді жеңу сүйіктілердің өмірлік тартысы, күресі. Демек, адам бойындағы арпалыс арқылы тіршілік жалғасады, өмір өзгереді, құбылады. Бірақ осы өзгерістер мен құбылыстардың арасында арпалыспен ғұмыр кешіп жүрген адам баласы адамгершіліктен, мейірімділіктен, ізгіліктен құр қалмау үшін өзі де жүрегіне жақсылықтың дәнін сеуіп, оған су құйып өсіріп отырғаны дұрыс. Осы аталған қасиеттер рухани мұраларда жалпыадамзаттық мәңгілік қағидалар болып орнықты. Мақалада осындай рухани мұра санатындағы «Диуани хикметтің» ізгілік мұраттарды арқау етуі және бұл идеяның Абай шығармаларында жалғасын табуы зерделенеді. Абайдың «Толық адам» концепциясы адамның ізгі қасиеттерімен байланысты екені мәтіндік салыстырулар, талдаулар арқылы дәйектеледі. Ясауидің

«Хикметі мен Абай мұрасы ізгілік мұраттарды үлгі етуімен құнды екені ғылыми еңбектердегі тұжырымдарға ілтеме жасай отырып негізделеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Аслан Алимбаев, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– философия докторы (PhD), доцент

Бауыржан Осеров, «Астана Дарыны»

– педагогика ғылымдарының магистрі, әдіскері

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-04

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...