ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР: ТАРИХ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР: ТАРИХ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ

Авторлар

Кілт сөздер:

термин, терминология, лингвистика, тарих, қазақ тілі, үлгі, статус.

Аңдатпа

Лингвистика басқа ғылыми пәндер сияқты жаңашылдықтармен және фактілермен толықтырылып қарқынды дамуда десек те болады. Тілдің әр түрлі салаларын қамтитын лингвистикалық зерттеулер тілдік құбылыстарды талдау мен синтездеуде қолданылатын терминологиялық аппараттың кеңеюіне және толықтырылуына ықпал жасайды.

Қазіргі таңда жинақталған білім мен ақпараттық ресурстар үздіксіз өсіп келеді және халықаралық деңгейде үнемі ақпарат алмасуды қажет етеді. Бұл мақалада терминдерді қазақ тіліне енгізудің негізгі кезеңдері, олардың белсенді қолданылуы мен жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ ретке келтіру принциптері мен жолдары қарастырылады. Қазіргі терминологияның қолданыстағы әдістері мен практикасы қосымша талданады. Еліміздің Тәуелсіздік кезеңінде қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болу процесіне ерекше назар аударылады, жаңа терминдер мен олардың пайда болу жолдары келтірілген. Қазақ тілінде жаңа терминдерді қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланып, осы саладағы зерттеулер талданады. Мақаланың негізгі тармақтары: қазақ тіліне терминдерді енгізудің тарихи кезеңдері; кеңеске дейінгі кезең: араб, парсы және түркі тілдерінен терминдерді қолдану; кеңес кезеңі; орыс тілінің әсері, халықаралық терминдерді қолдану; посткеңестік кезең; белсенді терминдік атау қалыптастыру шығармашылығы, түрлі тілдерден терминдерді алу.

Авторлар туралы мәліметтер

Аида Аубакирова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- PhD докторант

Шерубай Құрманбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Самал Жуанышпаева, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...