АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ОККАЗИОНАЛДЫ СУБСТАНТИВАТТАР
Кілт сөздер:
Абай, окказионалды, қалыпты, субстантиват, заттық мән, заттану құбылысыАңдатпа
Мақалада Абай өлеңдеріндегі окказионалды субстантиваттар қарастырылды. Тілімізде окказионалды сөз қолданыстары бұрын-соңды айтылып, зерттеліп жүр. Дегенмен, окказионалды субстантиваттар – беті ашылмаған тақырып. Ал Абай мұрасы – қазақ халқының теңдессіз байлығы. Абай шығармашылығына қатысты ғылыми зерттеулер толассыз жүргізілсе де, қазақ оқырманы үшін аздық етеді. Абай – қазақ сөзін түрлендіріп, бірде тура мағынасында, бірде астарлы мағынада жұмсап, тілдік қолданысты байытқан тұлға. Сондықтан бұл мақалада Абай өлеңдеріндегі окказионал субстантиваттардың қолданыс аясы сөз болып, жеке-жеке талданады. Окказионализм – жеке авторлық қолданысқа тән сөздер.
Субстантиват – заттанған тілдік бірліктер. Заттану құбылысы қазақ тіл білімінде бұған дейін біршама зерттелсе де, оның теориялық базасы, терминологиясы әлі күнге дейін жеткілікті дәрежеде толықпаған. Бұл мақалада «Субстантиват» термині алғаш рет ғылыми қолданысқа енгізіліп отыр. Сондай-ақ, субстантиваттардың грамматикалық мағынасы мен лексикалық мағынасы айқындап, олардың қалыпты немесе окказионалды екенін анықтадық. Абай өлеңдеріндегі субстантиваттарға сөзжасамдық талдау жасалып, олардың сын есімнен, етістіктен, сан есімнен, метафоралық қолданыстардан, тұрақты сөз тіркестерінен транспозицияланып, заттық мәнде жұмсалғанына көз жеткіздік.