МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІНДЕГІ МЕТАФОРАЛАРДЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ (ТҮПНҰСҚА ЖӘНЕ АУДАРМА НҰСҚАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІНДЕГІ МЕТАФОРАЛАРДЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ (ТҮПНҰСҚА ЖӘНЕ АУДАРМА НҰСҚАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

Кілт сөздер:

Повесть, метафора, аударма, түпнұсқа, эквивалент, доместикация, форенизация.

Аңдатпа

Бұл мақалада жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі метафоралардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аударма нұсқалары түпнұсқамен талданып, авторлар алынған зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау арқылы ғылыми тұжырымдар жасаған.

Зерттеудің ғылыми мақсаты, негізгі бағыттары мен идеяларына – көркем аудармадағы аудармашыдан ерекше қатысым мен жоғары шеберлікті талап ететін көркемдік-бейнелеуіш құралдардың бірі – метафораны қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне аударылу ерекшелігін тұжырымдау жатады.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы қаламгер М. Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы метафоралардың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын ресейлік және отандық аударматанушы ғалымдардың концепциялары мен теорияларына сүйене отырып өзара салыстыру қазақ транслатологиясының практикасы мен теориясын, сапасын, сынын дамытуға үлес қосатындығымен анықталады.

Зерттеудің әдіснамасы ретінде көркем аудармадағы түпнұсқа мен тәржіме нұсқаларын талдауда салыстырмалы әдістің құндылығы туралы зерттеген отандық аударматанушы ғалымдар Ж. Дәдебаев пен А. Алдашеваның еңбектері негізге алынды. Жалпы зерттеуге түсетін тіл бірліктерін іріктеу, интерпретациялау, контент анализ жасау, лексико-семантикалық талдау және тұжырымдау алгоритмі қолданылды.

Зерттеу жұмысының нәтижелеріне мақала авторлары жазушы М. Әуезовтің «Көксерек» повесін ағылшын тіліне қазақ тілінен тікелей тәржімелеу түпнұсқадағы ұлттық метафоралардың этно-мағыналық қабаттарының сақталуы мен форенизациялануына және келешек аудармашылардың тәржіме үдерісінің жеңілдеуіне ықпал ететіндігін дәлелдейді.

Зерттеудің құндылығына қазақ әдебиетшілері мен лингвистері тарапынан қаламгер М. Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі әлеуметтік талдау мәселесі, мазмұндық және құрылымдық ерекшелігі, жазылу тарихы мен поэтикасы, мағыналық қабаттары, Көксеректің көзімен сияқты ғылыми мақалалар мен диссертациялар зерттелді, дегенмен, түпнұсқадағы метафоралардың орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену ерекшеліктерін салыстырмалы талдау қазақ транслатология саласында ғылыми мақала ретінде қарастырылмаған.

Авторлар туралы мәліметтер

*Наурызбай Абдрасил, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Асемжан Жапарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), доцент м.а.,

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...