ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
геймификация, ойын арқылы оқыту, тиімді, интернет ресурстар, мотивация, оқу үдерісі, оқу нәтижесі, педагогика.Аңдатпа
Мақалада геймификация ұғымы, геймификация әдісі және оның негізгі аспектілері, геймификацияның білім беру саласында қолданыс табу мәселелері қарастырылған. Геймификацияның білім беру үдерісіне енгізілуі қазіргі педагогикалық практикада жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық шешімдер ұсынады. Мақалада геймификацияның негізгі принциптері мен әдістері, сондай-ақ олардың қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы артықшылықтары талданады. Зерттеу барысында геймификацияның оқу мотивациясын арттыруға, білім алушылардың қызығушылығын оятуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігі анықталады. Ойын элементтері арқылы теориялық материалды әр түрлі деңгейлерде (оңайдан күрделіге) ұсыну – оқушылардың білім алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістердің бірі. Оқу процесінде геймификацияны қолдану теориялық білімді меңгеру процесін жеңілдетеді. Білім алушылар теориялық материалды үйренуге ынталанып, оқу процессінде белсенділік танытады. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда геймификацияны пайдалану білім алушылардың тілдік дағдыланын да дамытатыны белгілі. Геймификация білім алушылардың білімін тексеруге, бағалауға және оларды жақсартуға арналған кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Геймификация әдісі арқылы оқушылардың когнитивті қабілеттерін (зейін, назар аудару, логика, есте сақтау) дамытуға ықпал етеді. Ойын барысында олар тез шешім қабылдап, ақпаратты өңдеуге үйренеді.
Мақаланың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда геймификацияның тиімді құралы ретінде қолданылуын зерттеу және оның оқу үдерісіне ықпалын анықтау. Осыған орай, мақалада геймификацияның білім беру саласындағы негізгі принциптері мен әдістері анықталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде геймификацияны қолдану тиімділігі бағаланды. Сонымен қатар, геймификацияның білім алушылардың оқу мотивациясын және қызығушылығын арттырудағы рөліне баға берілді. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда геймификацияны тиімді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар мен практикалық кеңестер ұсынылды. Зерттеудің нәтижесі геймификацияны қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тиімді пайдалану арқылы оқу процесін жетілдіру мен оның педагогикалық аспектілерін қарастыруды көздейтінін көрсетеді.