ТҮРКІ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛ» БЕЙНЕСІНІҢ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІСІ
Кілт сөздер:
түрік әдебиеті, әйелдер образы, фольклор, гендерлік аспект, гендерлік модель, түркі мифологиясыАңдатпа
Мақалада түркі фольклорындағы «әйел» бейнесінің гендерлік аспектісі талданған. Түркі әлемінде ана-әйелдердің алатын орны ерекше. Түркі фольклорындағы гендерлік аспекті мифология, діни негіздер аясында анықталды.
Әдебиеттану ғылымында әйелдер бейнесін зерттеу үрдісі ешқашан назардан тыс қалған емес. Ғылыми мақалада бүгінгі таңда фольклористика, түрік әдебиеті, оның ішінде түрік әйелінің бейнесін, оның қоғамдағы орнын тереңірек қарастырып жүрген отандық, ресейлік, түрік түркологтардың зерттеулері де қамтылды.
Мақалада түрік және түркі халықтарының фольклорындағы әйелдер бейнесі зерттеу нысаны болып табылады. Сондай-ақ, жұмыста ежелгі түрік қоғамындағы әйелдердің қоғамдық орны, түрік мәдениетіндегі саяси және әлеуметтік құндылығы жоғары болғандығы қарастырылды. Қорқыт ата хикаятында әйел бейнесінің пайымдалуы, яғни әйел отбасының қамқоры, қорғаушысы сипатында бейнеленуі, сондай-ақ, түрік әйелдерінің бейнесіндегі қаһармандық сарын айшықталады. Исламдық кезеңдегі түрік қоғамында әйелдердің орны мен маңызы жоғары болғандығы образдар арқылы айқындалады.
Зерттеу нәтижесінде түркі фольклорындағы «әйел» образы мифологиялық, діни негізде қарастырылып, гендерлік модель анықталды. Түркі фольклорындағы гендерлік модель қоғамдық құрылымдар мен әлеуметтік ұстанымдар аясында қалыптасқаны талданды.