ПОСТСУБМӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ

ПОСТСУБМӘДЕНИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ

Авторлар

Кілт сөздер:

постсубмәдениет, тілдік бейне, диахрония, арнайы белгілер, дискурс

Аңдатпа

Жаһандану субмәдениетке елеулі түрде ықпал етуде. Субмәдениет жалпы өркениеттің дамуы және этносаралық қатынастан пайда болған ерекше құбылыс болып табылады. Әр субмəдениеттің өзіне тəн тіл қатынастары яғни лексикасы, сөйлеу мәнері мен оны қабылдау ерекшеліктері болады.

Мақаланың негізгі мақсаты – субмәдениет ұғымын диахрониялық тұрғыдан талдау және қазіргі жастардың сөйлеу ерекшелігін зерттеп, тілдің эволюциясына әсерін анықтау. Мақалада субмәдениет ұғымының концептуалды мағынасы, постсубмәдениет өкілдерінің тілдік көрінісі және коммуникативті ерекшеліктері талданады.

Зерттеу әдістері: жалпытеориялық әдіс, диахрониялық талдау, дискурсті талдау. Зерттеу жұмысы сөйлеу мәдениетінің үлгісіне негізделген.

Жаhандану заманында субмәдениет трансформацияланып, орнына постсубмәдениет пайда болды. Постсубмәдениет кезеңінде жастардың барлығы виртуалды өмір сүргендіктен, топтық бірігуден гөрі жеке тұлғаға басымдық беріледі. Мақаланың негізгі бөлімінде қазіргі жастардың ауызша және жазбаша дискурста сленг, жаргондарды, англицизмдерді жиі пайдаланатыны дәлелденеді. Сленгизм жастарға сөйлеудегі шиеленісті жеңуге, коммуникацияға түсуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, қысқартулар, аббревиатуралар, дисфемизмдер кездесетіні анықталды.

Автор туралы мәліметтер

Меруерт Ибраева, Nazarbayev University

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...