SCOPUS  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ДЕРЕКТЕР  БАЗАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ  КӘСІБИ  ТІЛ  ПРОБЛЕМАСЫ

SCOPUS  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ДЕРЕКТЕР  БАЗАСЫНЫҢ  ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРЫНДАҒЫ  КӘСІБИ  ТІЛ  ПРОБЛЕМАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.01

Кілт сөздер:

кәсіби тіл, тілдік тұлға, кәсіби тұлға, лингвистикалық құзыреттілік, пәнаралық коммуникация, білім беру, ғылыми жарияланымдарды талдау, статистикалық талдау

Аңдатпа

Мақала кәсіби тіл проблемасын, оның ғылыми және кәсіби қызмет салаларының әр түрлі аспектілеріне әсерін талдауға арналған, бұл зерттеу мәселесін 1942-2024 жылдар аралығында Scopus дерекқорындағы ғылыми жарияланымдар санының өсуі анықтап растайды. Тақырыптың өзектілігі тиімді пәнаралық коммуникацияға деген қажеттіліктің артуымен және кәсіби тілдің білім беру мен халықаралық контексте бейімделу сұранысының артуына байланысты.

Зерттеудің мақсаты «кәсіби» және «тіл» кілт сөздері негізінде анықталған 1520 ғылыми жарияланымды талдау арқылы  кәсіби тілді зерделеудің негізгі бағыттары мен үрдістерін айқындау болып табылады. Зерттеу әдіснамасы іріктелген ғылыми жарияланымдардың мазмұнын контент-талдауға алу және осы проблемаға деген қызығушылықтың өсуінің сандық көрсеткіштерін анықтауға  мүмкіндік берген SPSS бағдарламасын пайдалана отырып, деректерді статистикалық талдауды қамтиды.

Зерттеудің теориялық маңызы кәсіби тіл туралы білімді және оның пәнаралық байланыстардағы, білім беру практикасы мен кәсіби құзыреттілікті дамытудағы рөлдерін жүйелеуде жатыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді коммуникациялық стратегияларды арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және мамандарды кәсіби дамыту  үшін қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Зерттеу нәтижелері кәсіби тіл мәселелеріне арналған ғылыми жарияланымдар санының тұрақты өсімін көрсетті, бұл академиялық қауымдастықтың осы проблемаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын сипаттайды. Зерттеудің қорытындылары әлемдік ғылыми қауымдастықта кәсіби тіл мен коммуникацияны жетілдіруге бағытталған ізденістер мен практикалық шараларды  жүргізу қажеттігіне баса назар аудартады.

Автор туралы мәліметтер

Алтын Бакытжанова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

– филология ғылымдарының кандидаты

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...