АБАЙДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кілт сөздер:
әдебиет; ақын; Абай; Абайдың 175 жылдығы; аудармалар; шет тілдері; қарасөз.Аңдатпа
Мақалада қазақ әдебиетінің классигі Абай шығармашылығының өзге тілдерге аударылуына түрткі болған алғышарттар жан-жақты зерттеліп қарастырылады.
Қазақтың бас ақыны – Абай мұрасы қазақ әдебиетінде ғана емес, әлем әдебиетінде ерекше орынға ие. Себебі, Абай – бір ғана ұлтқа тән шеңберде қалып қоймай, барша адамзаттың рухани биігіне дейін көтерілген қайталанбас тұлға.Абайдың туындыларында көтерілген мәселелертек қана қазақ халқы емес, өзге ұлт өкілдері үшін де өзекті. Ақынның шығармаларында жалпы адамзат баласына тән құндылықтар жайлы сөз қозғалып, өмір болмысы жайында жасаған ой-толғамдары шетелдік оқырмандар санасында жылы лебізге ие болған. Абайға деген қызығушылық жылдан жылға арта түсуде. Ақынның шығармаларын аудару ісі көршілес елдің тілдеріне аударудан, кейін 1995 жылы бүкіл әлемдік қауымдастық Абайдың 150 жылдығын ЮНЕСКО қамқорлығымен атап өткен кезде кең өріс алды. Абайды шетелге танытуда атқарылған үлкен жаңалық ретінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруымен қолға алынған Абайды әлемнің он тіліне аудару мәселесінің жүзеге асуы мақалада көрсетілген.
Зерттеудің мақсаты ретінде Абай шығармаларының қазақ әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылықтың артуына түрткі болуы нәтижесінде шетел тілдеріне аударылу мәселесін қарастыру алынды.