АЛАШ КЕЗЕҢІНДЕГІ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРКЕМДІК-ЖАНРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.20Кілт сөздер:
Балалар әдебиеті, Алаш кезеңі, жанрлық жүйе.Аңдатпа
Мақалада алаш кезеңіндегі қазақ балалар әдебиетінің көркемдік-жанрлық жүйесі қарастырылады. Зерттеу барысында ХХ ғасырдың бас кезінде жазылған қазақ балалар әдебиеті шығармаларының жанрлық ерекшеліктері, оның ішінде мысал, өлең, пьеса, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, сондай-ақ поэма, проза, әңгіме жанрлары кеңінен талданады. Аталған жанрларда жазылған туындылардың көркемдік жүйесі, олардың ұлттық білім берудегі орны, балаларға арналған әдебиеттегі рөлі жүйелі түрде зерделенеді. Зерттеуде алаш кезеңіндегі қазақ балалар әдебиетінің жанрлық жүйесінің қалыптасуы, көркемдік құралдар мен стильдік ерекшеліктері терең зерделенеді. Әдеби туындылар арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдени болмысы айқындалады. Сондай-ақ, қазақ балалар әдебиетіндегі әр жанрдың өзіндік ерекшеліктері методологиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен талданып, оларды жаңғыртудағы алаш кезеңіндегі қаламгерлердің туындыларының қазақ әдебиеттануына қосқан үлесі сарапталады. Балалар әдебиетін зерттеушілердің пікірі негізге алынып, тұжырымдар жасалады. Мақалада қазақ балалар әдебиетіндегі көркемдік жүйенің дамуы мен оның ұлттық құндылықтармен байланысы кеңінен талданады.
