ҚАЛҚАМАН САРИН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АУЫЛҒА САҒЫНЫШ: ПОЭЗИЯДАҒЫ КӨРКЕМДІК ӨРНЕКТЕР («АРҚАТТАҒЫ БІЗДІҢ ҮЙ» ӨЛЕҢІНІҢ НЕГІЗІНДЕ)
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.11Кілт сөздер:
Қалқаман Сарин, поэзия, ауылғы сағыныш, көркемдік тәсілдер, балалық шақ, табиғат, символика, қазақ лирикасы.Аңдатпа
Мақала Қалқаман Сарин поэзиясындағы ауылға деген сағыныштың көркемдік бейнесін талдауға арналған. Ақынның «Арқаттағы біздің үй» өлеңі негізіндегі ауыл өміріне деген сағынышы, балалық шақтың жылы естеліктері, туған жерге деген сүйіспеншілік лирикалық тәсілдер арқылы ашылады. Өлеңдегі поэтикалық тіл, бейнелеу құралдары мен символдар ұлттық болмысты тереңінен тануға жол сілтейді.
Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылып, ауыл тақырыбының қазіргі қазақ лирикасындағы көріністері негізінде талдау жасалды. Ауыл тақырыбы отбасы құндылықтары мен ұлттық рухтың негізі ретінде сипатталып, ақын шығармашылығынан нақты мысалдар келтірілді.
Мақалада Қалқаман Сарин поэзиясының ішкі түйсігі мен сезімдік иірімдері, поэтикалық шеберлігі айқындалады. Ақын өлеңдеріндегі ауылға деген сағыныш — дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімді тоғысын көрсететін көркем үлгі ретінде бағаланады. Сондай-ақ, зерттеу барысында әдебиеттанушылардың пікірлері ескеріліп, ақын шығармашылығының қазіргі әдеби кеңістіктегі орны айшықты көрінеді. Поэзиясындағы ауыл адамдарының өмірі, өткенді сағыну сарыны ұлттық сана мен қазақы таныммен астасып жатыр. Ақын өлеңдерінен оқырман туған жерге деген сағынышты ғана емес, ұлттық құндылықтарға деген терең құрметті де сезінеді. Қазіргі қазақ поэзиясының рухани күшінің артуына өзіндік ықпалын тигізген Қалқаман Сарин шығармаларындағы ауыл бейнесі заманауи лирикадағы ұлттық болмысты жаңаша тану үрдісі арқылы көрініс табады.
